Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 6 қаңтардағы N 32-140 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін (6365 теңге) 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек төленсін.
2. Жамбыл аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 24 сәуірде 2-7-60 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық «Атамекен» газетінің 2008 жылғы 3 мамырдағы № 19 (5387) санында жарияланған, аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 18 сәуірдегі «Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» № 10-49 шешімі, аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 19-80 шешімімен күші жойылды.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, ғылым, білім беру, мәдениет, тіл және ұлтаралық қатыныстар, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, құқық, азаматтардың бостандығы мен мүдделерін қорғау, депутаттық этика, өкілеттіктер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Әскербек Көкеұлы Абаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы К.Керімбаев
Мәслихат хатшысы Б.Әлиев