Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2009.12.23 N 33-5 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 ақпандағы N 11-3 "Салық салуға Есік қаласының жерін сызба аумақтарға бөлу, кадастрлық кварталдарға және селолық елді мекендерін, жерді бөлу мен селолық аумақтарды жоспарлау және өңірлік ұйымдастыруды бекіту туралы" шешімінің (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2-8-70, 2008 жылғы 4 сәуір жарияланды N 18 "Еңбекшіқазақ" газетінде, 2008 жылғы 25 сәуір) атауы өзгертіліп, келесідей жазылсын:
"Жер салығын қамтамасыз ету мақсатында жерді аймақтарға бөлу жобасын (таблицасын) бекіту туралы".
2. Жер салығын қамтамасыз ету мақсатында жерді бес аймақтарға бөлу жобасы (таблицасы) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Жерді аймақтарға бөлу жобасы (таблицасы) жергілікті бюджет қаражаты есебінен "Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің шекарасын белгілеу кезінде жүргізілетін жерге орналастыру" коды бойынша жүзеге асырылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бөлтірік Аусадықұлы Жақыповқа, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Иманғазы Ахметовқа және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың
23-сессиясының төрағасы А. Газиева
Аудандық мәслихат
хатшысы Ә. Талқамбаев
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 31 қаңтардағы N 23-4
"Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 28 ақпандағы N 11-3
"Салық салуға Есік қаласының жерін
сызба аумақтарға бөлу, кадастрлық
кварталдарға және селолық елді
мекендерін, жерді бөлу мен селолық
аумақтарды жоспарлау және өңірлік
ұйымдастыруды бекіту туралы" шешіміне
өзгерістер енгізу туралы" шешіміне
қосымша
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша салық салу мақсатында жерді
аймақтарға бөлу таблицасы
Аймақтардың |
Жер салығының |
Қадастрлық нөмірлерге |
1 |
2 |
3 |
1 |
1,5 |
018, 006-017, 298-299, 023, |
2 |
1,3 |
043, 083, 085, 155, 153-154, |
3 |
1,1 |
106, 221, 229, 262, 265, 269, |
4 |
0,9 |
237, 238, 239, 240, 244, 245, |
5 |
0,7 |
250, 285, 286, 296, 198, 200, |