2010 жылға арналған жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 33-5 шешімі. Алматы облысы Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 29 қаңтарда N 2-8-133 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 мамырдағы № 50-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 12.05.2011 № 50-2 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 387-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 11-бабы 1-тармағына сәйкес және Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 31-қаңтардағы "Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28-ақпандағы N 11-3 "Салық салуға Есік қаласының жерін сызба аумақтарға бөлу, кадастрлық кварталдарға және селолық елді мекендерін, жерді бөлу мен селолық аумақтарды жоспарлау және өңірлік ұйымдастыруды бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 23-4 шешімінің (тіркеу нөмірі 2-8-108, 12.03.2009 ж., жарияланды "Еңбекшіқазақ" газетінде N 13, 20.03.2009 ж.), Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2009 жылғы 22-желтоқсандағы N 7-1/2118 хатының негізінде және аудан аумағындағы заңды және жеке тұлғалардың жер салығын төлеуде, олардың орналасқан мекен-жайына байланысты дифференциялдық әділ салық ставкаларын қолдану және 2010 жылға жер салығы болжамын орындау мақсатында, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Еңбекшіқазақ ауданы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына төмендегідей түзету коэффициенттері бекітілсін:
      1 аймақ – 1,5 есеге жоғарылатылсын;
      2 аймақ – 1,3 есеге жоғарылатылсын;
      3 аймақ – 1,1 есеге жоғарылатылсын;
      4 аймақ – 0,9 есеге төмендетілсін;
      5 аймақ – 0,7 есеге төмендетілсін.
      Есік қаласы бойынша базалық ставкасына біркелкі 1,5 есеге жоғарылату коэффициенті бекітілсін. (12 қосымшалар қоса беріліп отыр).
      2. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 14-қазандағы "2009 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы" N 19-3 шешімінің күші жойылсын. (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2-8-101, 30.10.2008 ж., жарияланды "Еңбекшіқазақ" газетінде N 46, 07.11.2008 ж).
      3. Осы шешімнің орындалуы "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы Базаров Мәди Базарұлына жүктелсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мақсат Тоқбергенұлы Бекетаевқа және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың
      33-сессиясының төрағасы                    Қ. Жылқыбеков

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ә. Талқамбаев

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 23 желтоқсандағы
"2010 жылға арналған жер
учаскелері үшін төлемақының
базалық ставкаларына түзету
коэффициенттерін бекіту туралы"
N 33-5 шешіміне
қосымша 1

Еңбекшіқазақ ауданының 2010 жылға арналған жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
(Есік қаласынан басқасы)

теңге есебімен

N

Жерді
пайдалану
бағыты

Өлшем
бірлігі

ҚР СК

2010 жыл

қолданыстағы
ставка

I
аймақ
К - 1,5

II
аймақ
К - 1,3

III
аймақ
К - 1,1

IV
аймақ
К - 0,9

V
аймақ
К - 0,7

1

Ауыл
шаруашылығы
мақсатындағы жер

1 гектар

бонитет балына
сәйкес

К - 1,5

К - 1,3

К - 1,1

К - 0,9

К - 0,7

2

Жеке
тұлғаларға
берілген
ауыл
шаруашылығы
мақсатындағы жер 05
гектарға
дейінгіні
қоса
алғанда

100 шаршы м

20,00

30,00

26,00

22,00

18,00

14,00

3

Жеке
тұлғаларға
берілген
ауыл
шаруашылығы
мақсатындағы жер 05
гектардан
асатын

100 шаршы м

100,00

150,00

130,00

110,00

90,00

70,00

4

Елді
мекендердің
жерлеріне,
тұрғын үй
қоры жатқан
жерлерді
қоспағанда,
соның
ішінде
құрылыстар
мен
ғимараттар
алып жатқан
жерлер

1 шаршы м.

0,48

0,72

0,62

0,53

0,43

0,34

5

Елді
мекендердің
жерлеріне,
тұрғын үй
қоры жатқан
жерлерге,
соның
ішінде
құрылыстар
мен
ғимараттар
алып жатқан
жерлер

1 шаршы м.

0,09

0,14

0,12

0,10

0,08

0,06

6

Үй
іргесіндегі
жер
учаскесі,
көлемі
5000 шаршы м.
дейінгіні
қоса
алғанда

1 шаршы. м

0,20

0,20

0,20

0,20

0,20

0,20

7

Үй
іргесіндегі
жер
учаскесі,
көлемі
5000 шаршы
м асатын

1 шаршы. м

1,00

1,00

1,00

1,00

1,00

1,00

8

Өнеркәсіп
жерлеріне

1 гектар

бонитет
балына
сәйкес

К - 1,5

К - 1,3

К - 1,1

К - 0,9

К - 0,7

      Ескерту: ҚР "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 382 бабының 2-тармағына сәйкес үй іргесіндегі жер учаскесінің базалық ставкасына түзету коэффициентін қолданбайды.

      ҚР "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 386 бабына сәйкес бөлінген автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары, базарлар мен казино үшін бөлінген жер учаскелеріне осы Кодекстің 381 бабында белгіленгендей базалық ставкалар он есе ұлғайтылады.

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 23 желтоқсандағы
"2010 жылға арналған жер
учаскелері үшін төлемақының
базалық ставкаларына түзету
коэффициенттерін бекіту туралы"
N 33-5 шешіміне
қосымша 2

Есік қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

N

Жерді
пайдалану
бағыты
Өлшем
бірлігі
ҚР СК 2010 жыл
қолданыстағы
ставка
I
аймақ
К - 1,5
II
аймақ
К - 1,5
III
аймақ
К - 1,5
IV
аймақ
К - 1,5
V
аймақ
К - 1,5

1

Елді
мекендердің
жерлеріне,
тұрғын үй қоры
жатқан жерлерді
қоспағанда,
соның ішінде
құрылыстар мен
ғимараттар алып
жатқан жерлер

1 шаршы м.

5,79

8,69

8,69

8,69

8,69

8,69

2

Елді
мекендердің
жерлеріне,
тұрғын үй қоры
жатқан жерлерге,
соның ішінде
құрылыстар мен
ғимараттар алып
жатқан жерлер

1 шаршы м.

0,39

0,59

0,59

0,59

0,59

0,59

3

Үй іргесіндегі
жер учаскесі,
көлемі 5000
шаршы м.
дейінгіні қоса
алғанда

1 шаршы м.

0,20

0,20

0,20

0,20

0,20

0,20

4

Үй іргесіндегі
жер учаскесі,
көлемі 5000
шаршы м. асатын

1 шаршы м.

1,00

1,00

1,00

1,00

1,00

1,00

      Ескерту: ҚР "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 382 бабының 2-тармағына сәйкес үй іргесіндегі жер учаскесінің базалық ставкасына түзету коэффициентін қолданбайды.

      ҚР "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 386 бабына сәйкес бөлінген автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары,базарлар мен казино үшін бөлінген жер учаскелеріне осы Кодекстің 381 бабында белгіленгендей базалық ставкалар он есе ұлғайтылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады