Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2009.10.28 N 1089 Қаулысымен
Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 18-тармағын, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағы 9-тармақшасы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 "Жануарлар және адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша ветеринариялық - санитариялық және санитариялық - эпидемиологиялық ережелерін бекіту туралы" бұйрығын басшылыққа ала отырып және Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторының 2009 жылдың 15 маусым айындағы N 16 ұсынысына сәйкес адамдарды (бруцеллез) ауруынан қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаражота селолық округі Қаражота, Сарыбұлақ, Ақтоған ауылдарындағы және Нұра селолық округі Нұра ауылындағы ұсақ малдарына жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу мақсатында шектеу іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес жүргізілсін.
3. Еңбекшіқазақ ауданы аумақтық инспекция бастығы Сайлау Қабылбекұлы Темешов /келісім бойынша/ пен Еңбекшіқазақ аудандық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығы Мұхаметжан Нұрхамитұлы Хасенов /келісім бойынша/ бірлесіп, бруцеллез ауруына оң нәтиже берген ошақтарда бруцеллезге қарсы қолданылатын режимнің сақталуын жоспарлы түрде тексеруді, осы нысандарға бекітілген санитарлық дәрігермен бірлесе отырып эпидемиологиялық, сондай - ақ ветеринарлық - санитарлық, ағартушылық жұмыстарын жүргізсін және де шаралардың орындалуына бақылауды аудандық аумақтық инспекциясы мен аудандық санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы жүзеге асырсын.
Аумақтық мемлекеттік инспекциясы аурудан таза емес пункттерде ұсталатын барлық ауруға бейім мал басы бойынша зерттеу барысында қатарынан екі рет теріс нәтиже алынса және барлық санитариялық шаралар орындалса шектеуді алу туралы ұсыныс енгізсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бөлтірік Аусадықұлы Жақыповқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі Ә. Тойбаев
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 22 маусымдағы N 509
"Қаражота селолық округі Қаражота,
Сарыбұлақ, Ақтоған ауылдарындағы
және Нұра селолық округі Нұра
ауылындағы ұсақ малдарына
жануарлар мен адамға ортақ
жұқпалы аурулардың (бруцеллез)
профилактикасы және олармен
күресу бойынша шектеу
іс-шараларын енгізе отырып
ветеринариялық режимін белгілеу
туралы" қаулысына
қосымша
Жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша шектеу іс- шараларының
ЖОСПАРЫ
N |
Ветеринарлық-санитарлық шаралар |
Орындау мерзімі |
Орындаушы |
Кімнің бақылауында |
1. |
Қолайсыз ошаққа және де бірге бағылатын малдар табынына, отарына аудандық әкімдігі тарапынан шектеу қою |
Ауру мал анықталғанда |
Аудандық ауылшаруашылық бөлімі бастығының орынбасары |
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы |
2. |
Індет ошағы анықталған жағдайда Еңбекшіқазақ аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына бір тәулік ішінде хабарлама берілсін |
Ауру мал анықталғанда |
Аудандық аумақтық инспекциясы |
Аудандық ауылшаруашылық бөлімі |
3. |
Ауру шыққан қораны эпизоотиялық эпидемиологиялық тексеру актісін шығару |
Ауру мал анықталғанда |
Комиссия құрамы |
Аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы |
4. |
Анықталған ауру малды тез арада оқшаулап және оларды айқындалған уақыттан бастап 5 күн ішінде жою |
Ауру мал анықталғанда |
Мал иесі, Лицензиялық мал дәрігері Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын "Республикалық эпизоотиялық отряд" |
Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы |
5. |
Анықталған ауру малға таңба қойылсын |
Ауру мал анықталғанда |
Лицензиялы мал дәрігері |
Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы |
6. |
Мал тұрған қораны тазалап, көң мен қиды далаға үйіп шығарылуы тиіс |
Ауру мал анықталғанда |
Мал иесі |
Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы |
7. |
Мал тұрған қораға және сойылған жерге дезинфекционная установка Комарова автокөлігімен залалсыздандыру |
Ауру мал анықталғанда |
Мал иесі Лицезиялы мал дәрігері Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын "Республикалық эпизоотиялық отряд" |
Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы |
8. |
Ауру ошақта қорытынды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу, басқа мал ауырмасы |
Шектеу алынғаннан кейін |
Мал иесі Лицезиялы мал дәрігері Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын "Республикалық эпизоотиялық отряд" |
Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы |
9. |
Қалған малдан екі рет қатарынан теріс нәтиже бергенше 15 -30 күнде қан алу |
Бекітілген уақытта |
Мал иесі Лицензиялы мал дәрігері Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, "Республикалық эпизоотиялық отряд" |
Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы |
10 |
Екі рет таза шыққан сау малды 3 айлық тәртіппен бақылауға алу немесе әр 45 күнде2 рет қан алу |
Бекітілген уақытта |
Лицензиялы мал дәрігер, мал иесі |
Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы |
11 |
Малдың іш тастау жағдайы байқалғанда түсік тексеріледі |
Іш тастау жағдай байқалғанда |
Лицензиялы мал дәрігер, мал иесі |
Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы |
12 |
Аурудан таза емес пункте ет сүт өнімдерінің сатылуы, сыртқа шығарылуы, малдардың әкелінуіне шығарылуына тыйым салынсын |
Шектеу алынғанша |
Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы және ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы |
Аудандық аймақтық инспекциясының бақылауында |
13 |
Жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы ауруларынан (бруцеллез) таза емес ошақтардың тұрғындарымен аурудың алдын алу барысында жиналыс өткізілсін |
Ауру тіркелген жағдайда |
Ауыл әкімшілігі, мал дәрігерлік инспекторы Ауылдық емханасы |
Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі |
14 |
Ауданның мал базарларына мал дәрігерлік зертханалық анықтамасы болмаса малдар кіргізілмесін және сатылмасын |
Күнделікті |
Мал базарының басшысы |
Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы және ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы |
15 |
Мал күтіміне қатысты барлық малшылардың бруцеллезге тексерілуі қадағалансын |
Жылына екі рет |
Ауылдық округтердің дәрігерлері |
Аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы |
Аудандық аумақтық инспекциясының
бас мемлекеттік бас ветеринарлық
инспекторы М.Т. Мұстафаев
Аудандық ауыл шаруашылық
бөлімінің бастығы А.Қ. Жұмағалиев