Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабын, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2009 жылғы 24 маусымдағы N 1 келісімін және ауыл тұрғындарының 2009 жылғы 12 мамырдағы N 2 хаттамасын, тұрғындар өтінішін басшылыққа алып, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Еңбек селосындағы "Ленина" атындағы көшенің атауы "Әлімбай Жадраев" атындағы көшесі деп өзгертілсін.
2. Тиісті қызмет көрсететін мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелерге Балтабай ауылындағы атауы өзгертілген көшелер таныстырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау, округ әкімінің орынбасары Сауле Базарбайқызы Алиповаға жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Округ әкімі Н. И. Тайсариев