Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2010.10.04 N 938 Қаулысымен
Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 18-тармағын, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағы 9-тармақшасы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрінің 2007 жылғы 16 тамыздағы N 507 "Қазақстан Республикасында листериоз бойынша эпидемиологиялық - эпизоотиялық қадағалауды ұйымдастыру және санитарлық індетке қарсы (алдын-алу) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" бұйрығын басшылыққа ала отырып және Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 07 қыркүйек 2009 жылғы N 24 ұсынысына сәйкес ауру ошағында адамдар мен ауыл шаруашылық жануарларды аурудан қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан селолық округі Қазақстан және Ашыбұлақ ауылындағы мүйізді ірі қара малдарына листериоз ауруына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Ауыл шаруашылық жануарларының листериоз ауруының алдын алу және жою мақсатында шектеу іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес жүргізілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Еңбекшіқазақ ауданы аумақтық инспекция мемлекеттік мекемесінің" бастығы Сайлаубек Қабылбекұлы Темешов /келісім бойынша/ пен Еңбекшіқазақ аудандық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Мұхаметжан Нұрхамитұлы Хасенов /келісім бойынша/ бірлесіп, листериоз ауруына оң нәтиже берген ошақтарда ауруға қарсы қолданылатын режимнің сақталуын жоспарлы түрде тексеруді, осы нысандарға бекітілген санитарлық дәрігермен бірлесе отырып эпидемиологиялық, сондай-ақ ветеринариялық - санитарлық, ағартушылық жұмыстары жүргізілсін және де шаралардың орындалуына бақылауды аудандық аумақтық инспекциясы мен аудандық санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы жүзеге асырсын.
Аудандық аумақтық инспекциясы клиникалық ауруы мал шығуының соңғы жағдайынан екі айдан соң, серологиялық тексерістің теріс қорытындысын алғаннан және дезинфекция шаралары жүргізілгеннен кейін шектеуді алу туралы ұсыныс енгізсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарыБөлтірік Аусадықұлы Жақыповқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі Ә. Тойбаев
Еңбекшіқазақ аудан әкімдігінің
2009 жылдың 12 қазандағы N 1022
"Қазақстан селолық округі Қазақстан
және Ашыбұлақ ауылының мүйізді ірі
қара малдардың листериоз ауруының
алдын алу және жою бойынша шектеу
іс-шараларын енгізе отырып
ветеринариялық режимін белгілеу
туралы" қаулысына
қосымша
Мүйізді ірі қара малдардың листериоз ауруының алдын алу және
жою бойынша шектеу іс-шараларының
ЖОСПАРЫ
N |
Ветеринарлық- |
Орындау |
Орындаушы |
Кімнің |
1. |
Қолайсыз ошаққа |
Ауру мал |
Аудандық |
Аудандық |
2. |
Анықталған ауру |
Ауру мал |
Лицензиялы мал |
Аудандық |
3. |
Ауру шыққан қораға, |
Ауру мал |
Аудандық |
Аудандық |
4. |
Оң нәтиже беріп |
Ауру мал |
Лицензиялы мал |
Селолық |
5. |
Адамдарды аурудан |
Үнемі |
Ауру малдар |
Селолық |
6. |
Мал тұрған қораны |
Ауру мал |
Мал иесі |
Селолық |
7. |
Мал тұрған қораға |
Ауру мал |
Мал иесі |
Селолық |
8. |
Ауру ошақтарға |
Шектеу |
Мал иесі |
Селолық |
9. |
Ауру ошағына |
Ауру мал |
Лицензиялы мал |
Селолық |
10. |
Мал күтіміне қатысты |
Жылына екі Тоқсан |
Ауылдық |
Аудандық |
Аудандық аумақтық инспекциясының
бас мемлекеттік бас ветеринарлық
инспекторы Б. М. Бименов
Аудандық ауыл шаруашылық
бөлімінің бастығы А. Қ. Жұмағалиев