"Қазақстан Республикасында листериоз бойынша эпидемиологиялық-эпизоотиялық қадағалауды ұйымдастыру және санитарлық-індетке қарсы (алдын-алу) және ветеринарлық алдын-алу іс-шараларын жүргізу (індетке қарсы)" санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 16 тамыздағы N 507 және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2007 жылғы 16 тамыздағы N 507 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 6 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4919 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 484, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 454 Бірлескен бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 № 484, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.07.19 № 454 (мемлекеттік органдардың басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) Бірлескен бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 6) тармақшасының, 7-1 бабы 4) тармақшасының және 24-бабы, сонымен қатар "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 8) тармақшасының және 26-бабы 2-тармағының негізінде БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасында листериоз бойынша эпидемиологиялық-эпизоотиялық қадағалауды ұйымдастыру және санитарлық-індетке қарсы (алдын-алу) және ветеринарлық алдын-алу іс-шараларын (індетке қарсы) жүргізу" санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық ережесі мен нормалары бекiтiлсiн.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, көліктегі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерінің, сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық ветеринария инспекциясы бөлімдерінің басшылары осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (А.А. Белоног) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ж.М. Мұхамеджанов) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа және Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы С.И. Сүлейменовке жүктелсін.

      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы N 658 "Ауыл шаруашылығы жануарларының кейбір ауруларының алдын-алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережелерін бекіту туралы" (N 3248 нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген) бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасының күші жойылсын.

      7. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау
      министрінің міндетін атқарушы

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы     
2007 жылғы 16 тамыздағы N 507
Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2007 жылғы 16 тамыздағы N 507
бірлескен бұйрығымен  
бекітілген       

" Қазақстан Республикасында листериоз бойынша эпизоотиялық
қадағалауды ұйымдастыру және санитарлық-індетке қарсы
(алдын-алу) және ветеринарлық алдын-алу іс-шараларын (індетке
қарсы) жүргізу" санитарлық-эпидемиологиялық және
ветеринарлық-санитарлық ережесі мен нормалары 1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасында листериоз бойынша эпизоотиялық қадағалауды ұйымдастыру және санитарлық-індетке қарсы (алдын-алу) және ветеринарлық алдын-алу іс-шараларын (індетке қарсы) жүргізу" санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық ережесі мен нормалары (бұдан әрі - Ереже) меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналған.

      2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) антропургиялық инфекция - адамның әрекетінен немесе табиғатты игеруінен пайда болған инфекция;
      2) жануарлардың иелері - жануарлар мен құстарды күтуді, өсіруді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың басшылары (фермерлер, арендаторлар, жеке ауыл шаруашылығы жануарларының иелері);
      3) жұқпаның көзі - зәр, нәжіс, сүт және танау, көз, жыныс органдары сұйықтарымен қоршаған ортаға листериоз қоздырғыштарын шығаратын ауру жануарлар, сонымен қатар жұқпа тұрақты ошақтарына жәрдемдесетін листериотасымалдаушы-жануарлар ошақтарының (жабайы ұсақ сүтқоректілер және құстар, сонымен қатар қансорғыш буынаяқтылар, әсіресе жайылым кенелері) сақталуында белгілі роль атқарады. Листерия тасымалдаушылық адамдарда да байқалған (шетелдік авторлардың мәліметтері бойынша);
      4) листериоз - қоздырғышты беру жолдары әртүрлі зооантропоноздық табиғи-антропургиялық жұқпалы аурулар, клиникалық суреттері полиморфты, нерв жүйелері (менингит), жұтқыншақ артындағы лифма түйіндері (ангина) зақымданатын жіті сепсис түрінде байқалатын, жүкті әйелдерді түсік тастатады, өлімге әкеп соғатын сепсис, менингит жаңа туған балаларда болады.
      5) листерия - Listeria monocytogenes, қозғалмалы, полиморфты, грамы оң бактерия, спор жасамайтын, капсула жасай алатын, L-формада тасымалданатын, жасуша ішінде паразитті өмір сүреді;
      6) қолайсыз пункт - эпизоотикалық ошақ орнаған аумақ;
      7) жануарлардағы жұқпаны тасымалдаушылар - қан соратын буынаяқтылар, соның ішінде кенелер, биттер және бүргелер;
      8) табиғаттағы қоздырғыштар резервуары - жабайы (кеміргіштер, жыртқыштар, тұяқтылар), үй (ит, мысық) мен ауылшаруашылық жануарлардың (шошқа, ұсақ және ірі қара малдар, жылқы, қоян), кейде-құстар, соның ішінде қаздар, тауықтар, үйректер, индюктар, кептерлер, тоты құстар, бұлбұлдар);
      9) реконвалесцент - аурудан айығу кезеңіндегі сырқат адам;
      10) шаруашылық субъектісі - жекеменшіктің қай түрі болмасын, жануарларды және құстарды бағып күтумен, өсірумен айналысатын заңды және жеке тұлғалар (ферма, шаруа қожалығы, мал шаруашылық құрылысы немесе кешені, бөлімше, отар, жекеменшік қосымша шаруашылық);
      11) эпизоотикалық ошақ - шектелген аумақтар немесе жұқпа қоздырғышының көзі, берілу факторлары және қабылдағыш жануарлар орналасқан бөлме.

2. Санитарлық - індетке қарсы (алдын-алу)
іс-шаралары

      3. Малдан алынатын тамақ өнімдері нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 2403 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 11 шілдедегі N 447 бұйрығымен бекітілген, "Тамақ өнімдерінің тамақтық бағалығы мен қауіпсіздігіне гигиеналық талаптар" санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес болуы қажет. .V106440

      4. Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 2105 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 351 бұйрығымен бекітілген базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргiзу және сойылатын малдарды сояр алдындағы ветеринариялық тексеру және сойылғаннан кейiн тушасын және iшкi органдарын ветеринариялық-санитариялық сараптау және оларды санитариялық бағалау ережелерге сәйкес тамақ және малдарды союдан алынған мал өнімдерінің шикізаттары ветеринарлық бақылануы тиіс.

      5. Оң серологиялық реакциялы және листериозбен ауыратын жануарларды қабылдауға, тасымалдауға және союға, мал етін мүшелеуге және шикізаттың өңдеуге жеке басы қауіпсіздігі шараларын мен жұқпалы материалдармен жұмыс істеуге нұсқаулық алған тұлғалар жіберіледі. Жасы 18 жасқа толмаған адамдар, жүкті және бала емізетін әйелдер, мерзімдік жұмысшылар жұмысқа жіберілмеуі тиіс.

      6. Шаруашылық қызметкерлері, соның ішінде уақытша жұмысқа тартылғандар жеке бас гигиенасы құралдары және жеке қорғаныш құралдары (халаттар, резеңке қолғаптар, жеңқап, клеенка алжапқыштар, аяқ киімдер) болмағанда жұмысқа жіберілмеуі тиіс.

      7. Малшылардың алдын алу медициналық қаралуы жаппай малдардың төлдеуінен 1-2 айдан кейін, мал өнімдері мен шикізаттарды өңдейтін ұйымдардың жұмысшылары жаппай мал союдан 1-2 айдан соң өткізілуі тиіс.

      8. Листериозға алдын-алу зертханалық тексерілуге жататындар:
      1) жануарларды күтуге және мал өнімдері мен шикізаттарын өңдеуге уақытша қабылданған адамдар (мерзімдік жұмыстан 1-2 айдан соң);
      2) босану жасындағы әйелдер: ангина қайталанғанда, аналық бездерінің, жатыр мойнының қабынуы;
      3) жүктіліктің патологиялық өтуі, ауырлау акушерлік анамнезді жүкті және босанған әйелдер (тұрау тәрізді аурулар, токсикоздар, ангиналар), босанулар;
      4) листериозға күдікті жаңа туған балалар;
      5) өлі туғандардың және бірінші күндері шетінеген балалардың денесі;

      9. Адамдардан, ауыл шаруашылығы және басқа жануарлардан листериоз ауруы анықталғанда дәрігер-эпидемиолог пен ветеринар маманы бірігіп, ошақты тексеруді жүргізуі тиіс.

      10. Листериозбен ауырғандармен қатынаста болған адамдар, сондай-ақ үй жануарлары, соның ішінде ит, мысық және басқалары листериозға зертханалық тексерілуі тиіс.

      11. Листериозды аурулар, листериотаратушылар клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша емханаға жатқызылады. Реконвалесценттер клиникалық сауыққаннан және бактериологиялық зерттеудің бірреттік қорытындысын алғаннан кейін стационардан шығарылады.

      12. Листериозбен ауырғандарды диспансерлеу 1 жыл бойына міндетті түрде тоқсан сайын спецификалық зертханалық тексерулермен жүргізіледі.

      13. Жүкті әйелдерді диспансерлеу жүктілердің алғашқы сатыларында міндетті түрде спецификалық, оң серологиялық тесті жағдайында бактериологиялық тексерулер жүргізіледі. Листерияларға бактериологиялық зерттеулер оң болған жағдайда тиісті антибактериялық және патогендік емдеу жүргізілуге тиіс.

      14. Листериозбен ауырғандар клиникалық жазылуы мен бактериологиялық тексерудің теріс нәтижесінде жұмысқа және ұйымдастырылған ұжымдарға кедергісіз жіберіледі.

3. Малдардың арасындағы листериоздың алдын-алу
ветеринарлық-санитарлық іс-шаралары

      15. Сатып алу, сату, союға тапсыру және басқа да қозғалыстар мен жануарларды оларды топтау ветеринарлық ілеспе құжаты (ветеринарлық куәлік, ветеринарлық сертификаттарветеринарлық анықтамалар), болғанда мал өнімдерін және жануарлардан алынатын шикiзаттарды сатуға ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткеннен кейін жүргізілуге тиіс.

      16. Үй малдарының бастары листериоз бойынша қолайсыз емес шаруашылықтар малдарымен қосылуы тиіс.

      17. Жаңадан қабылданатын малдар жалпы отарға қосылудан бұрын 30 күн профилактикалық карантинде ұсталынбай жіберілмейді.

      18. Профилактикалық карантин кезінде және мал шаруашылығында жаңа топтар құралғанда жануарларды клиникалық тексерулер және қажет болғанда (жұлын жүйесінің зақымдану, түсік тастау, дене қызуының көтерілу белгілері анықталғанда) - лестериозға бактериологиялық және серологиялық тексерулер жүргізілуге тиіс.

      19. Ветеринарлық қызметке жануарлардың иелері аурулардың барлық жағдайлары, листериозға күдік болуы, түсік тастау, өлі туу және малдардың шетінеуі тіркелгенде хабарлауы және ветеринарлық мамандардың талаптары бойынша қайта алынған жануарлар туралы қажетті анықтамаларды беруі, қараулар, тексерулер және өңдеулер жүргізуге жағдайлар жасауы тиіс.

      20. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринарлық мамандары және/немесе инспекторы жануарлардың түсік тастауы, өлі туу және малдардың шетінеуінің барлық жағдайының есебін жүргізуге және патологиялық материалдарды ветеринарлық зертханаға зерттеуге жіберуге тиіс.

      21. Барлық жемді, соның ішінде силос және комбикормды жегізер алдында листерия жұқтырылуына тексерілуі тиіс, бұл жемдермен малдарды жемдеуге тексерудің теріс қорытындылары болған жағдайда ғана қолданады.

      22. Сүт және сүт тағамдарымен (қайтарма, сүттің сары суы және басқалар) жемдейтін астауларды жуу және дезинфекциялау керек.

      23. Ауылшаруашылық жануарларында желін ісуі тіркелгенде сүтті бактериологиялық тексеру қажет.

      24. Жануарлардың иелері мал тұратын қораларда санитариялық-гигиеналық шараларды жүргізуі тиіс (сапалы тазалау, дезинфекция, дератизация, дезинсекция).

4. Ет өңдейтін объектілерде листериоздың
алдын алу жөніндегі іс-шаралар

      25. Ет өңдейтін объектілерде (бұдан әрі - объектілер) листериозға оң реакциясы болған және ауырған жануарларды қабылдау мен сою Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 351 бұйрығымен бекітілген сойылатын малдарды сояр алдындағы ветеринариялық тексеру және сойылғаннан кейiн іс-шараларын және iшкi органдарын ветеринариялық-санитариялық сараптау және оларды санитариялық бағалау ережесіне, нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 2105 болып тіркелген, және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 17 ақпандағы N 60 бұйрығымен бекітілген "Ет және ет өнімдерін өндіру, оларды сақтау мен тасымалдау объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормалардың, нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3555 болып тіркелген, талаптарымен жүргізілуге тиіс. .V106445

      26. Жануарлардың ауру малдардың партиясы объектілерге келіп түскенде оларды ауырмайтын жануарлардан оқшау, арнайы бөлінген жерлерде ұстау керек. Оларды жалпы соятын цехта, ауысым аяқталғанда немесе жекелеген ауысымда союға болады.

      27. Сою алдындағы малдарды қамайтын базаларда (қораларда) қатты төсемді едендер, сұйықты ағындылар мен қабылдаушылармен жабдықталуы және ағынды суларды залалсыздандыратын құралдары болу қажет.

      28. Сою аяқталған соң санитарлық қасапхана бөлмесі, соятын цех, сояр алдындағы база, сою өнімдерін өңдейтін өндірістік бөлмелер, технологиялық жабдықтар, мүліктер, санитарлық және арнайы киімдер мен аяқ киімдер дезинфекциялануы тиіс.

      29. Қорадағы қи мен өндірістік ағынды залалсыздандыру қажет, көлік құралдарды - механикалық тазалау, жуу және дезинфекциялау қажет.

      30. Ет комбинаттары мен қасапхана пунктарында жем шығаруға және малдарды өсіруге, сонымен қатар листериоз ауруларының барлығы немесе жоқтығына қарамастан сиыр, қой және ешкі саууға болмайды.

      31. Субөнімдерін жинау үшін санитарлық өңделуге жататын "Листериоз" маркировкалы тара, конфискаттар - "Конфискаттар" маркировкалы қақпағы бар тара бөлінуі қажет.

5. Қолайсыз шаруашылықтарды салауаттандыру жөніндегі
ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар

      32. "Листериоз" диагнозы эпизоотиялық мәліметтер және лабораториялық зерттеулер кешені негізінде қойылады. Шешуші диагноз бактериологиялық зерттеу нәтижесінде таза листерия культурасын бөлу арқылы қойылады.

      33. Зертханаға листериоз тексеру үшін:
      1) ұсақ малдың өлексесін, немесе басын (миын), бауырын, көк бауырын, бүйректі, лимфо түйіндерін, өкпенің жарақаттанған бөлігін, іш тастанды төлін, шарана қабын жібереді. Жазғы уақытта патологиялық материалды глицериннің 40 проценттік судағы ерітіндісімен консервілейді.
      2) малдардың тірі кезінде диагноз қою үшін ауырған малдан іш тастағандағы аққан сораны, ауру малдың немесе ауруға күмәнді сезікті малдың сүтін, қанын, немесе қан сарысуын жібереді.

      34. Жануарға листериоз диагнозы қойылған жағдайда шаруашылықта қызмет көрсететін ветеринарлық маман шаруашылықтың басшысына, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі Мемлекеттік Бас ветеринарлық инспекторына және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың аумақтық органына жедел түрде хабарлауы және ошақта эпизоотологиялық тексеру жүргізуі тиіс.

      35. Листериоздың алғашқы жағдайлары тіркелгенде малдардың рацонынан төменгі сапалы жемдерді (әсіресе сүрлем және сенаж) алып тастау керек және жұқпаның негізгі берілу факторын шығару үшін оларды листерияны жұқтырғандығына тексереді. Төменгі сапалы жұқтырған жемдер биотермиялық жолмен залалсыздандырылады.
      Жоғарғы сапалы жұқпаға күдікті жемдерді, пісіру, қайнату, жоғары қызуда пастерлеу жолымен залалсыздандырылғаннан кейін ғана малдарға жегізеді.

      36. Листериозға күдікті малдарды жеке қамайды және емдейді.

      37. Листериоз диагнозы кешенді әдіспен өсінділік бөлінуімен қойылған шаруашылық жүргізу субъектісіне Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабына сәйкес шектеу іс-шаралары белгіленеді.

      38. Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша:
      1) жануарларды шығару (әкету), тек қана союға шығаруға;
      2) амалсыз сойылған листериозбен ауру жануарлардың етін шикі түрде, ерекше жағдайда қайта өңдеуге ет өңдеу объектілеріне шығару. Қолайсыз шаруашылықтарындағы және ет өңдеу объектілеріндегі мал еттерін қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес ветеринарлық-санитарлық сараптауға;
      3) ауру жануарлармен қатынаста болған және листерия жұқпасына күдікті жемді шығаруға;
      4) ветеринарлық дәрігердің рұқсатынсыз шаруашылық ішінде жануарларды қайта топтауға (ауыстыруға);
      5) қолайсыз аумақтарда тұқымды және қолданыстағы жануарларды, шөп, сабан және басқа науа жемді басқа шаруашылықтар мен аудандарға шығару, жәрмеңке, базарлар ұйымдастыру және жануарлар (құстарды қоса), қымбат терілі аңдар, иттер, мысықтар көрмесін өткізуге;
      6) ауру жануарларды өсіруге және тамақтандыруға халыққа сату;
      7) ауру жануарлар мен қолайсыз отардағы жеке малдарды сау малдармен бірге жаюға, суаруға және басқа қатынаста болуы, сонымен қатар жануарларды жайылым жазықтарына айдау мен тасуға болмайды.

      39. Листериоз бойынша қолайсыз болып жарияланған шаруашылықта мына шектеу іс-шараларын жүргізу керек:
      1) әрбір жануарды клиникалық қарауда ішінара қызуын өлшеу және қолданыстағы нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес сұраптау;
      2) орталық нерв жүйесі зақымдалған клиникалық белгілері бар ауру жануарларды союға жіберу;
      3) ауруға күдікті жануарлар және оң серологиялық реакциялы жануарларды қамау және антибиотикпен емдеу немесе союға жіберу;
      4) клиникалық белгілері жоқ және теріс серологиялық реакциялы жануарларды егу және профилактикалық мақсатта антибиотик беру;
      5) малдардан алынған сүттерді серологиялық тексеру және оң қорытынды жағдайында 15 минут қайнату, әрі қарай оны шаруашылық ішінде малдарға ішкізу немесе қайнатылған май жасауға қолдану. Аурудан жазылған малдардың сүті екі ай бойына шаруашылықта пастерлену, содан соң сыртқа шығару;
      6) қолдан ұрықтандыруда алдын ала листериозға серологиялық тексерілген дені сау өндірушіден алынған ұрықты қолдану;
      7) мал қораларынан қи күнделікті қи сақтайтын жерге немесе жеке участкеде үйіу; 2-3 ай бойына биотермиялық залалсыздандырған соң тыңайтқыш ретінде қолдану;

      40. Дезинфекция келесі көрсетілген шараларды жүргізеді:
      1) әрбір ауру жануардан соң мал қораларында және айналасындағы аумақта, сонан соң әрбір 14 күннен сайын аурудың барлық мерзімінде дезинфекция жүргізу. Ауру малдар, ауруға күдікті малдар қамалатын қораларда аяқ киімге өңдеуге дезинфекциялық барьер (кілемшелер) орнатылады.
      2) мал жайылымдары, алаңдар, базалар, малдардың қоралары, суғару орындары және листериоз қоздырғыштарын жұқтырған участкелер немесе аумақтар ауру тоқтағаннан кейін қоқсықтан, қидан тазарту. Қи және қатты қоқсықтарды (шөп қалдықтары және т.б.) шығару және залалсыздандыру (биотермиялық тәсілмен, химиялық құралдармен және т.б.). Қораларда және айналасындағы аумақта дератизация жүргізу, кеміргіштер өліктерін - жинау және өртеу;
      3) скирдтар, бір мая шөп, сабан, сүрлем, құрама жемдерді кеміргіштердің болуына тексеру. Кеміргіштер табылған кезде уақытылы дератизация жүргізу;
      4) траншеяда немесе орларда сақталатын сүрлем қоспасы листериоздың қоздырғышымен түйіскен жағдайда бұзылған сүрлем қоспасының барлығы биотермиялық тәсілмен залалсыздандыру;
      5) листериозбен ауыратын жануарлардан алынған тері-былғары шикізаттары қолданыстағы нормативті құжаттарға сәйкес залалсыздандыру.

      41. Қораларда және малдарды күту құралдарын дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасының Ветеринарлық препараттардың мемлекеттік тізімінде тіркелген дезинфекциялық құралдар пайдалануы тиіс.

      42. Түсіктің ұрығы, малдардың өлігі дереу пайдаға асыру немесе жойылуы тиіс.

      43. Клиникалық ауруы мал шығуының соңғы жағдайынан екі айдан соң, серологиялық тексерістің теріс қорытындысын алғаннан және ақырғы механикалық тазартудан және қоралар мен шаруашылық аумағын дезинфекциялаудан кейін шаруашылық жүргізу субъектісінен Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабына сәйкес листериоз бойынша шектеу іс-шаралары алынып тасталады.

      44. Шаруашылық листериоздан сауықтырылғаннан екі жылдан соң, шығарылатын қойлардың қан сары суының серологиялық тексеруі теріс қорытынды болғанда тұқымды және қолданыстағы қойларды шығаруға болады. Жануарлардың басқа түрлеріне қорытынды жыл бойына осы жағдайларда шығарылады.

      45. Бұрын листериоздан қолайсыз болған шаруашылықта, оң реакциясының жойылуына дейін бөліп қойған орында малдарды ұстау алдында серологиялық тексеру жылына бір рет жүргізіледі. Оң қорытындылы малдар бөлек қамалуы, емделуі немесе союға жіберілуі тиіс. Малдарды шығарғанда ветеринарлық құжаттарда (ветеринарлық куәлік) листериозға зертханалық тексерулердің қорытындылары көрсетілуі тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады