"Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау" Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 30-4 шешімі. Алматы облысының әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 3 қарашада N 2-8-128 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 22 тамыздағы N 9-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2012.08.22 N 9-1 Шешімімен.

      Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2009.11.26. N 32-2 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. "Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау" Қағидасы бекітілсін.
       2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жақыпов Бөлтірік Аусадықұлына және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
       3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      30-сессиясының төрағасы                    Ж. Мықыбаев

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ә. Талқамбаев

"БЕКІТІЛДІ"
"Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 30 қыркүйектегі
"Еңбекшіқазақ ауданының елді
мекендерінде иттерді және
мысықтарды күтіп ұстау"
Қағидасын бекіту туралы"
N 30-4 шешімімен

Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және
мысықтарды күтіп ұстау
Қағидасы

       1. Иттерді және мысықтарды күтіп ұстайтын ұйымдар, мекемелер,
кәсіпорындар және жеке азаматтар:
      1) қалаларда, елді мекендерде иттерді жекелеген оңаша қораларда (қаланған аулада, учаскеде, торлы қорада) ұстау және байлап ұстауға;
      2) иттерді пәтерден, жекеленген оңаша қорадан көшеге, жалпы аулаға шығару үшін қарғы бау, тұмсық тор пайдалану. Иттерді қарғы баусыз, тұмсық торсыз тек отарларда, табындарда ұстауға рұқсат беріледі;
      3) иттер, мысықтар ауырып қалған жағдайларда дереу мал дәрігерлік мекемеге хабарлау, ал адамды, малды ит қапқан, мысық тырнаған жағдайда - медициналық және мал дәрігерлік мекемелерге хабарлау;
      4) мал дәрігерлік мамандарының талап етуі бойынша иттерді, мысықтарды қарауға, құтыру және басқа ауруларға қарсы сақтық егу жұмыстарын жүргізуге;
      5) иттерді қала, селолық округтерінің мал дәрігерлік инспекторларының тізіміне тіркеу және тіркеу куәлігін (паспортын) алуы;
      6) ит, мысық сатып алған және басқа қалаға, ауылға орын ауыстыратын азаматтар 5 күн ішінде мал дәрігерлік мекемеге өзгерістерді хабарлауы тиіс.
       2. Иттерді сату, сатып алу, басқа аудандарға, облыстарға, мемлекеттерге апаратын жағдайда мал дәрігерлік құжат болу керек, құжатта ит құтыру ауруына 30 күн бұрын "егілген" деген белгі болу керек.
       3. Қаланың, ауылдың ішінде, парктерде, алаңдарда, базарларда, қала көліктерінде кездесетін иесіз иттер, мысықтар (қарғы бауы, тұмсық торы болса да) қаңғыбас деп саналып, аулауға және атуға рұқсат беріледі.
       4. Адамды, малды қапқан иттерді иелері жедел мал дәрігерлік мекемеге алып келіп тексертіп, 10 күнге дейін оқшау ұстауға тиіс. Ал ережені сақтамай иттерді бос жіберіп соның салдарынан адамды, малды екінші рет қапқан иттерді мал дәрігерлік инспекторлары шара қолдануға құқықты.
       5. Осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады