2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 4-545 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаменті Іле ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 21 мамырда N 2-10-94 тіркелді. Күші жойылды - Іле ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 3-499 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 2010.04.05 N 3-499 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 шілдедегі "Әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 Қаулысына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
       1. Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, N 30 үй мекен-жайындағы шақыру учаскесінде Іле аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген ер азаматтарды кезекті мерзімді әскерге қызметке шақырылуын жүргізу 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
       2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сай құрамда құрылсын.
       3. Кенттік және ауылдық округтердің әкімдері 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру кезеңінде әскер қатарына шақырылғандарды олардың шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
       4. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығына (Кәзербаев Данияр Камалбекұлы, келісім бойынша) әскерге шақырылғандарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шығарып салу кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзіреті шегінде жүзеге асыру, Іле аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырушылар мен әскери міндеттілер туралы хабарлау ұсынылсын.
       5. Іле ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 3-2725 "Қазақстан Республикасының 1981-1990 жылдары туған азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы" қаулысының, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 12 мамырында 2-10-74 нөмірімен тіркелген, 2008 жылдың 16 мамырындағы N 19 (4232) "Іле таңы" газетінде жарияланған, орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.
       6. Осы қаулының жүзеге асуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Тұрымбетовке жүктелсін.
       7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Логутов Николай Николаевич

Іле ауданы әкімінің 2009 жылғы
3 сәуірдегі N 4-545 "2009 жылдың
сәуір-маусымында және қазан-
желтоқсанында кезекті әскери
қызметке шақыру туралы" қаулысына
N 1-қосымша

2009 жылы көктемгі және қысқы шақырылуға тиісті, шақырушылардың
куәландыру жөніндегі медициналық комиссияның құрамы

      Дауылбаева Қатира Арапқызы медициналық комиссияның төрағасы;
      Танғатаров Ізбасар Айымбетұлы хирург;
      Құмарбаева Жаңылхан Алходжақызы отолоринголог;
      Бердібекова Зукура Мыңжасарқызы невропатолог;
      Сүлейменова Сәуле Абылхайдарқызы психиатр;
      Байсақалова Гүлнара Сұлтанбайқызы стомотолог;
      Косаева Анар Садуқызы окулист;
      Алтынбаев Ербол Төлепбергенұлы терапевт;
      Манапов Қаныбек Момбекұлы дерматолог;
      Узбекова Гүлнар Оразбекқызы фтизиатр;
      Көмекова Гуля Қасабекқызы медициналық комиссияның хатшысы.

      Аппарат жетекшісі                          З. Әмірбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады