Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 13.08.2012 № 9-3 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құкық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 3 бабына 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудан көлемінде «Жануарларды ұстау туралы» Қағида қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қалалық, ауылдық аумақ әкімдері өз аумақтарында жануарларды ұстау тәртібін осы Қағиданың талаптарына сәйкес жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың «Ауылшаруашылық, сауда, жер пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясына» /Ж.Исағұлов/ бақылау жасалсын.
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В.Маслацов
Аудандық мәслихаттың хатшысы М.Ахметов
Қарасай аудандық мәслихатының
2009 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 30-7 Аудан көлемінде
«Жануарларды ұстау туралы»
Қағиданы бекіту туралы
шешіміне қосымша
Аудан көлемінде «Жануарларды ұстау туралы»
Қағида
1-БӨЛІМ
1-тapаy. Жалпы қағидалар
1. Қарасай ауданы бойынша жануарларды ұстау Қағидасы (бұдан әpi - Қағида) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құкық бұзушылықтар туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына сәйкес, аудан тұрғындарын адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ 6ipгe тұруға қолайлы жағдай жасау мақсатында әзірленді.
2. Осы Қағидада төмендегі түсініктер қолданылды:
1) қараусыз жануарлар - меншік иесі бар және оның игілігінен (қарауынан) уақытша босып кеткен, иесі болмаған немесе иесі белгісіз жануарлар, сондай-ақ оның иeci меншік құқығынан бас тартқан үй жануары;
2) ветеринарлық құжаттар — мемлекеттік ветеринарлық қадағалау объектілеріне ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринарлық инспекторлар беретін ветеринарлық-санитариялық қорытынды, ветеринарлық куәлік, ветеринарлық сертификат, ветеринарлық анықтама;
3) ветеринарлық ic-шаралар — жануарлар ауруларының профилактикасын, емделуін немесе диагностикасын қоса алғанда, ауруының шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қayiп төндіретін аса қayiптi аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға;
жануарлардың және адамдардың денсаулығын жұқпалы, оның iшіндe жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірдейлендіру pәcімін коса, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қayiпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған індетке қарсы, ветеринарлық-санитарлық рәсімдер кешені;
4) ветеринарлық төлқұжат — ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануарлардың иесі, жануарлардың түрі, жынысы, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалдар мерзімдері мен сипаты көрсетіледі;
5) ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер – ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган бекітетін, ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган бекітетін, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық нормативтер негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік-құқықтық акт;
6) ветеринариялық-санитарлық сараптама – жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешені арқылы тексеру;
7) жануар иесі – жеке және басқалай меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлға;
8) иттер мен мысықтарды серуендету – иесінің меншігі болып табылатын немесе басқа тұлғаның жалға алған жануарлардың жайлардан тыс болуы, сондай-ақ иттер мен мысықтарға арнайы бөлінген аумақтарда болуы;
9) дегельмитизация - арнайы ветеринариялық препараттардың көмегімен жануарларды гельминттерден тазалау, бөлінетін паразиттерді, олардың фрагменттерін, жұмыртқаларын және балапан құртын міндетті түрде жоюды жүзеге асыру;
10) дезинфекция, дезинсекция және дератизация – жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндіктерді және кеміргіштерді өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың жайларында және аумақтарда жоюға арналған алдын алу шаралары;
11) жабайы жануарлар – құрылықтағы, судағы, атмосферадағы және топырақтағы табиғи еркіндік жағдайында тіршілік ететін суқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қос мекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер және басқалар;
12) үй жануарлары – ауыл шаруашылық мақсаттағы жануарлардан басқа, адамның толық немесе жартылай ұстайтын тамақ өнімдері мен өнеркәсіп шикізатын алу үшін пайдаланбайтын зоологиялық түрлері;
13) жануарлар – ауыл шаруашылығы, үй, жабайы жыртқыш және улы: сүтқоректілер, құстар, бал аралар, балықтар, қос мекенділер, жәндіктер және тағы басқа да жануарлар әлемінің өкілдері;
14) инсектицидті препараттар – зиянды жәндіктермен күресудің химиялық құралдары;
15) карантин - індет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында індет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитарлық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуді немесе тиюды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
16) мысық – мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүт қоректі, мысықтұқымдас үй жануары;
17) нөмірлік таңба - жануарлардың денесіне цифрлармен көрсетіліп салынатын шартты белгі, ол жануарлардың есебін жүргізуге, бір түрін екінші түрінен ажыратуға, жануарлардың заңды және жеке тұлғаға тиістілігін анықтауға мүмкіндік береді;
18) қоғамдық орындар – адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде көшелер, скверлер, саябақтар және азаматтардың демалатын өзге орындары, шомылатын жерлер, стадиондар, сауық шаралары жүргізілетін орындар;
19) жануарларға арналған паналау баспанасы – қараусыз жануарларды уақытша ұстау үшін арналған арнайы жабдықталған нысандар;
20) ит – мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүт қоректі, қасқыр тұқымдас үй жануары;
21) ауыл шаруашылығы жануарлары – адамдар өсіретін ауыл шаруашылығы жануарларының және құстардың ауыл шаруашылығы өнімдеріне тікелей қатысы бар барлық түрлері (ірі қара малдар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдары мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралар, мамық жүнді аңдар мен қояндар);
22) жануарларды ұстау – жануар иелерінің жануарлардың өмірін, оның жеке саулығын сақтау үшін, ветеринариялық-санитарлық қолайлы жағдайларды ұстана отырып, толыққанды тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлар әлемінің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі іс-әрекеттері;
23) токсоплазмоз – токсоплазмалар қоздыратын адамдар мен жануарлардың паразитарлық аурулары. Инфекция көздері - мысықтар және етпен қоректенетін басқа да мысықтұқымдастар, сондай-ақ үй және жабайы жануарлардың әртүрлі түрлері;
24) жыртқыш жануарлар – басқа жануарлармен қоректенетін жануарлардың жалпы атауы;
25) ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін, өз өкілеттігі шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3. Қарасай ауданында жануарлардың қатысуымен өткізілетін көрмелер, асыл тұқымды мал жәрмеңкесі, жарыстар, аттракциондар мен тағы басқа да шаралар ветеринария, жануарлар аурулары инфекцияларға зертханалық тексерулер саласындағы өкілетті мемлекеттік органдардың және аудан әкімінің келісімі болған жағдайда өтеді. Осы аталған іс-шараларға сәйкестендіру микрочипі, ветеринария төлқұжаты бар жануарлар, соңғы ветеринариялық егуден және дегельмитизациядан өткен уақыты туралы белгі соғылған жағдайда ғана қатыстырылады.
4. Адамдардың және жануарлардың денсаулығына аса қауіп туғызатын жануарларды алу және жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Иттер мен мысықтар оның иелерінен егер де олар адамды қауып алған немесе тырнап алған жағдайда жануарлардан адамға жұғатын өте қауіпті жұқпалы және вирусты ауруларды немесе қауіпті аурулардың барлығына зерттеу жүргізу үшін алынады. Егер де жануар сау болса онда иесіне кері қайтарылады.
5. Осы Қағидада белгіленген талаптарды орындауға мемлекеттік бақылауды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, мемлекеттік инспекция комитетінің Қарасай аудандық аумақтық инспекциясы, энергетика және коммуналдық шаруашылық, сәулет және аудан құрылыс органдары, сондай-ақ, Қарасай аудандық және ауыл әкімдері аппараттары, Ішкі істер департаменті, ауыл шаруашылық бөлімі және белгіленген тәртіпте өкілеттігі берілген және құзыреттеріне сәйкес басқа да өкілетті органдар жүзеге асырады.
6. Осы Қағиданың талаптары меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қарасай ауданының аумағында орналасқан, жеке және басқа да меншігінде жануар бар жеке және заңды тұлғаларға, барлық жануар иелеріне таралады.
2-тарау. Жануарларды тіркеу тәртібі
7. Жануарларды тіркеу сәйкестендіру жолымен адам мен жануарларға ортақ өте қауіпті жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын-алу, адамдарды жануардың қауып алуынан іздеу және санын реттеу мақсатында жүзеге асырылады.
8. Tipкey кезінде жануардың иесі осы Қағидамен танысуы тиіс. Танысу peтi жануар иесінің шаруашылық кітабындағы қолымен расталады.
Иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін иттерді Қарасай ауданы Ішкі iстep департаментінің кинология қызметі орталығында тipкey кезінде, осы Қағидамен танысу peтi жануар иесінің қолымен расталуы тиіс.
9. Әрбір тіркелген жануарға сәйкестендіру нөмірі беріледі, оның барлық өмір сүру уақыты бойында сақталады. Жануардың сәйкестік 6eлгici нөмірлік жетоннан және ветеринарлық төлқұжаттан басқа микрочип немесе жануарда нөмірлік таңба салу пайдаланылады.
Микрочипті жануарға (асыл тұқымды, спорттық ауыл шаруашылық жануарлары, тұқымды иттер мен мысықтар) қызмет түpiнe сәйкес мемлекеттік ветеринарлық лицензиясы бар ветеринар дәрігер денесіне – тігеді. (орналастырады).
10. Иттер мен мысықтарды тipкey тәртiбi.
1) Барлық қызметтік, күзет, аңшы және иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін иттер, тұрғындарға, кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге тиесілі иттер тұқымына қарамастан, сондай-ақ мысықтар Қарасай ауданы бойынша жануарлардың сәйкестігінің компьютерлік мәліметтер базасына енгізу үшін аудан жануарларын тipкey жөніндегі мекемеде міндетті есепке алуға және тipкeyгe жатады.
2) Барлық иттер мен мысықтар екі айлық жастан бастап міндетті тіркеуге тipкeyгe жатады.
3) Иттер мен мысықтарды тіркеу және қайта тіркеу кезінде олардың иелері келесі мәліметтерді тапсырады: иесінің жеке куәлігі, салық төлеушінің тipкey нөмірі, мекен-жайы, байланыс телефоны, ит пен мысықтың тұқымы, жынысы, аты, туған жылы, түci, ерекше белгілері немесе жануардың сипаттамасы.
11. Ауылшаруашылық, үй, жабайы, жыртқыш және улы жануарларды тіркеу тәртібі:
Тұрғындарға, меншік түріне жене ведомстволық бағыныштылығына қарамастан кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге тиесілі барлық ауылшаруашылық, үй, жабайы, жануарлар иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін жыртқыш және улы жануарлар Қарасай ауданы бойынша жануарлардың сәйкестігінің компьютерлік мәліметтер базасына енгізу үшін аудан жануарларын тіркеу жөніндегі мекемеде міндетті есепке алуға және тіркеуге жатады. Жануарларды тipкey кезінде оның иесіне ветеринарлық төлқұжат және жануар иeciнің есебінен белгіленген үлгідегі нөмірі берілген жетон (оның дайын болуына қарай) беріледі.
12. Иттер мен мысықтар әуесқойлар қоғамына, ит өcipyшілep клубына өздеріне тиесілі иттері мен мысықтарын аудандағы жануарларды тіркеу жөніндегі мекемеде белгіленген тәртіппен тіркемеген немесе қайта тіркемеген азаматтарды қабылдауға тиым салынады.
13. Жануарлардың иелері оны сатып алғанда немесе мекенін ауыстырғанда екі аптаның ішінде тіркеледі.
14. Жануар мерт болғанда ветеринарлық төлқұжаты мен жетоны бұрын жануар тіркелген органға немесе мекемеге тапсырылады.
15. Тipкey органына жануардың қолдан кетyi (сату, жоғалу, мерт болуы, басқа тұлғаға беру) туралы оны есептен шығару немесе қайта тipкey үшін хабарланады.
3-тарау. Жануарларды ұстайтын адамдардың міндеттepi
16. Жануар иесі:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарларды сатып алады және өз иелігінен айырады (оның ішінде сату, сыйлау, жалға беру, айырбастау және тағы басқа жолдармен);
жануарларды ұстау, көбейту туралы керекті ақпараттарды жануарлар иелерінің қоғамынан (клубтарынан), ветеринарлық ұйымдардан алады;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәpтi6i мен жағдайына сәйкес адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп туғызатын жануарларды алып қою мен жою нәтижесінде оған келтіретін зиянды өндіріп алады.
17. Жануар иeci:
1) жануарлардың ауруларын ескертуді қамтамасыз ететін ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелерін сақтай отырып ветеринарлық (егу) және әкімшілік шаруашылық ic шараларды жүргізеді;
2) жануарларды емдеуді және аурулардың алдын алуды уақтылы жүргізу. Үнемі, тоқсанына бip реттен кем емес, иттер мен мысықтарды тepi паразиттері мен гельминттерден алдын алу үшін емдеу шараларын жүргізу. Аурудың барлық жағдайларда немесе жануардың ауруына күмән келтірген жағдайда тез арада ветеринарлық мекемеге хабарласу, тексеру нәтижесі бойынша мамандардың ұсынысын бұлжытпай орындайды.
3) жануарларды хайуанаттар бағындағы, цирктегі, омартадағы, аквариумдағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды ұстауды, көбейтуді жене пайдалануды ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асырады;
4) биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жануарларды дұрыс тipшілігі үшін керекті мөлшерде азықпен және сумен қамтамасыз ету, оның ұйқыдағы, жүріп-тұру кезіндегі, тәндік белсенділігі, табиғи ортамен қарым - қатынасындағы мұқтажын қанағаттандыру, оларды қараусыз қалдырмау, жануарларға ізгілікпен қарайды;
5) жануардың қоршаған ортаға қayiп туғызбайтын және мазаламайтын мінез-құлығын қамтамасыз етеді, жануарлардың адамдардың денсаулығына және мүлкіне, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, басқа жануарларға қayiп туғызуын болдыртпайды;
6) тұрғын жайларда шуды болдырмау жөнінде шара қабылдайды;
7) адамды қауып алған, оған жарақат келтірген жағдайда:
зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету, клиникада қарау және талдау жасау үшін емханаға жеткізу. Жарақат келтірген жануардың иесі зардап шеккен тұлғаға өзінің аты, жөні мен мекен-жайын хабарлайды;
барлық жағдайларда медициналық және ветеринарлық қызметтерге хабарлау. Жануардың құтыру ауруын жоққа шығару үшін, оны ветеринарлық мамандардың қадағалауына 10 күн бойы ветеринарлық клиникаға жеткізу, сондай-ақ жануарларды ветеринарлық емдеу оқшаулауында ұстаған уақыттың шығындарын өтейді;
8) белгіленген заңнама тәртібінде жануар екі айлық жасқа келгеннен бастап, оған ветеринарлық төлқұжатты рәсімдеп, жануарды (асыл тұқымды, спорттық ауыл шаруашылығы жануарлары және тұқымды иттер мен мысықтардың) сәйкестендірудің электрондық түрін (чиптеуді) қамтамасыз етеді;
9) ит немесе мысық басқа жануарға ауыр жарақат салса, онда осы жануардың иесі өлген жануардың құнын өз еркімен немесе сот тәртібімен өтеуі тиіс, немесе тараптың талабы бойынша сол тектес және сол жастағы жануар береді.
10) сатып алған жануарлар, туылған төлі, ауыл шаруашылығы жануардың сойылғаны, сондай-ақ сатылғаны туралы екі аптаның ішінде ветеринариялық қадағалау мемлекеттік органдарына хабарлайды.
11) жануарлардың кенеттен өлгені мен бірнеше жануарлардың бір уақытта ауырғаны немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткені туралы ветеринарлық мамандарға хабарлау, ветеринарлық мамандар келгенше ауруға ұшыраған сезікті жануарларды оқшалап ұстауға шара қабылдау және ауырып өлген күдікті жануардың өлігін сақтайды.
12) ветеринарлық мекемелердің мамандарына олардың негізделген талабы бойынша қарайды, диагностикалық зерттеуге және емдеу - алдын алу шаралары, егу мен вакцинация жүргізу үшін жануарларды кедергісіз көрсетеді;
13) сою алдында ветеринарлық тексеруден өтпеген және сойылғаннан кейін оның сойылған еті ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өтпеген болса онда ауыл шаруашылығы жануарын союға жібермеуді;
14) жануарларды серуендететін орындарда олардың тезегін жинап алу, көп қабаттағы үйлердегі дәліздердің аумақтарын, баспалдақтарын, лифттерді, балалар ойын алаңдарын жаяу жүргіншілер жүретін орындарды қоса;
15) жануарлар өлген жағдайда тез арада хабарлау және жануарлардың өліктерін жинайтын және қаңғыбас жануарларды ұстайтын арнаулы мекемеге тапсыру;
16) жануар белгісіз жағдайда өлген болса ветеринарлық мекемеге немесе лицензиясы бар ветеринар дәрігерге өлген себебін анықтау үшін хабарлау;
17) жануарды ұстауға мүмкіндігі болмаған жағдайда оны басқа адамға беру, жануарларға арналған паналау баспанаға немесе жануарлардың өліктерін жинайтын және қаңғыбас жануарларды ұстайтын арнаулы мекемеге тапсыру. Үй жануарларын тастауға (қамқорсыз қалдыруға) тиым салынады;
18) ветеринарлық мамандарға олардың қызметтік міндеттерін орындауларына көмек көрсету;
19) иттің аты, тұқымы, иесінің мекен-жайы, телефоны жазылған жетоны бар қарғыбаудың болуын қамтамасыз ету. Жетонда ит иесінің қалауы бойынша сол ит жайында басқа да мәліметтер болуы мүмкін;
18. Жануарларды қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су жинағыштарда шомылдыруға және жуындыруға тиым салынады.
19. Өлген жануардың өлігін арнайы мал өлекселерін тастайтын орынға тастауға, сондай-ақ оны өз бетінше көмуге тиым салынады. Ит пен мысықтың өліктері, өлген жануардың өлігін жинайтын және қараусыз жануарларды ұстайтын арнаулы мекемеге немесе залалсыздандыру пунктіне тиісті құжатты ала отырып тапсырылуы тиіс.
4-тарау. Қараусыз иттер мен мысықтардың
санын реттеу және аулау
20. Иттер мен мысықтардың санын реттеу, қараусыз қалған жануарлардың санын азайту, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, жануарлардың ауруын ескерту мақсатында жүзеге асырылады.
21. Иттер мен мысықтардың санын реттеу азаматтардың денсаулығына, мүлкіне, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, қоршаған ортаға сондай-ақ сол жануарларға зиян келтірмеуді болдырмау тәсілімен жүзеге асырылуы тиіс.
22. Қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер мен мысықтар (көшелерде, үй аулаларында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда), кәсіпорындар мен мекемелерде иесі байлап кеткен жануарлардан басқасы, қараусыз деп есептеледі және өлген жануарлардың өліктерін жинайтын немесе қаңғыбас жануарларды ұстайтын арнаулы мекеменің аулауына жатады.
23. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулауды жергілікті атқарушы органдармен шарт жасасқан, онда аулаудың тәртібі мен жағдайы келісіле отырып, мамандандырылған ұйым жүзеге асырады. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулайтын жұмыскерлерді техникалық жабдықтау, аулауды жүзеге асыратын ұйымға жүктеледі.
24. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулауға психоневрология және наркология диспансерінде есепте тұрмайтын, тиісті куәлік беруге құқық беретін арнайы оқу курсынан өткен адамдар жіберіледі. Осы куәлікті жануарларды ұстағанда оны аулаушы мен жүргізуші аулап жүрген аудандағы жергілікті атқарушы органның өкіліне немесе азаматтардың талабы бойынша көрсетеді.
25. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулаушылар мен арнайы көлік жүргізушісі жануарларды аулау және тасымалдау кезінде ізгілікті сақтаулары тиіс.
26. Ауланған қараусыз жүрген иттер мен мысықтар иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған питомникте немесе арнайы оқшаулау орынға орналастырады және 3 жұмыс күні бойы ұсталады. Ұстау мерзімі өткеннен кейін жануар жаңа иесіне беріледі, немесе дәрі қолдану жолымен жансыздандырылып (ұйықтатылады) малды көметін орында залалсыздандырылады.
27. 3 жұмыс күні бойы иттер мен мысықтардың иелері қараусыз жүрген жануарларды уақытша ұстау питомниктеріне жануарды кері қайтарып алуға (қараусыз жүрген жануарларды аулау жөніндегі мамандандырылған қызметке) өтіне алады. Жануарларды питомникте ұстау шығындарын оның иесі өтейді.
28. Питомник болмаған жағдайда, ауланған жануарларды 3 жұмыс күні ішінде ұстау қараусыз жүрген жануарларды аулау жөніндегі кәсіпорынға жүктеледі.
29. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулау кезінде мыналарға тиым салынады:
1) аулаған жануарларды өзіне алуға, оларды жеке адамдарға немесе ұйымдарға сатуға және беруге;
2) жануарларды пәтерден және жеке үйлердің аулаларынан тиісті өкілетті органның тиісті рұқсатынсыз және соттың шешімінсіз алып кетуге;
3) дүкендердің, дәріханалардың, коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындардың жерінде байлаулы тұрған иттерді шешіп алып кетуге;
4) ветеринария саласындағы өкілетті органның рұқсатынсыз қызықтыратын жем беріп немесе басқа құралдарды қолданып аулауға.
30. Аулау уақыты болып қараусыз жүрген жануарды аулау жөніндегі мамандандырылған мекеменің есеп жорналында жазылған уақыт есептеледі. Тіркеу жорналында жануарлардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері туралы мәліметтер және жануарға қатысты одан кейінгі әрекеттер жазылады. Есеп жорналы толық жазылып біткеннен кейін 3 жыл сақталады.
5-тарау. Қарасай ауданында жануарларды
ұстау Қағидасының талаптарын сақтау
31. Пәтер иелері кооперативі, тұрғын үй кооперативі, жеке жайлар иелері кооперативі, кондоминиумдар:
1) пәтер иелері кооперативі, тұрғын үй кооперативі, жеке жайлар иелері кооперативі, кондоминиумдарға бекітілген аумақтарда немесе шағын ауданның аумағында құрылыстан бос және кооперативтерге іргелес жерлерде аудан әкімі аппаратына енгізілетін белгіленген тәртіппен бекітуі үшін, тақтайша белгі орната отырып, иттерді серуендететін орындарды белгілейді;
2) иттерді серуендетуге белгіленген ауыл аумағының санитарлық жағдайын коммуналдық қызметіне қосымша ақы белгілеп, жануар иесінің есебінен ұстайды;
3) үйдегі жертөлеге, үйдің төбесіне және басқа қосалқы жайларға кіретін жерлерді жабық күйінде ұстайды, оған қараусыз жүрген жануарлардың иттер мен мысықтардың кіруін болдырмайды;
4) жануарларды аулаумен шұғылданатын ұйымдарға өз ауласындағы қараусыз жүрген жануарлар туралы хабар береді, ерікті түрде қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулауға қатысады;
5) ветеринарлық қызмет жұмыскерлеріне эпизоотиялық ауруларға қарсы іс-шараларды өткізуге жәрдемдеседі;
6) жануар иелерін жауапкершілікке тарту үшін Қағиданы бұзғаны туралы фактілерді өкілетті органдарға хабарлайды.
32. Ішкі істер органдары:
1) аудандағы ауылшаруашылық жануарларын, иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі мен тасымалдау ережесін сақтауларына бақылау жасайды;
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ветеринарлық ұйымдарға, санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерге осы Қағиданы азаматтардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің орындауына және оны бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуда қажетті көмек көрсетеді;
3) кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың ерекше жауапкершілікті талап ететін иттерді әкелу, шығару, ұстау, иттерді өсірудегі құқықтарын келісу кезінде қатысады;
4) өзінің өкілеттігі шегінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шараларды қабылдайды;
5) осы Қағиданы бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады.
33. Мемлекеттік ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары:
1) эпизоотиялық және эпидемиологиялық ауруларға қарсы шаралар жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды;
2) жануарларды аудан аумағынан тыс аумақтарға шығарғанда оларға ветеринариялық куәлік береді;
3) қараусыз жануарларды аулау жөніндегі қызметтерге олардың жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;
4) жануарлардың иелерінің ветеринарлық және санитарлық талаптарды орындауларына бақылауды жүзеге асырады;
5) осы Қағиданы бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады;
6) ветеринариялық бағыттағы нысандар ретінде кинологиялық қызметпен шұғылданатын қоғамдар мен клубтарға, сондай-ақ иттер мен басқа жануарларды ұстайтын басқа кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге ветеринарлық тіркеу куәліктерін береді;
7) адамдар мен жануарларға ортақ ауруларды ескерту мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
2-БӨЛІМ
6-тарау.Иттер мен мысықтарды ұстау.
34. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптармен осы Қағиданың талаптарын орындаған жағдайда мыналарға рұқсат беріледі:
1) көп пәтерлі тұрғын үйдегі бір отбасы пәтерінде екі ит ірі және орта тұқымды, және екі мысықты үш айлық ұрпақтарын қоса ұстауға.
Жасы екі айдан асқан күшіктер мен мысықтар жаңа иелеріне немесе қаңғыбас жануарларды аулау мен ұстаумен шұғылданатын арнайы мекемеге берілуі тиіс. Күшіктер мен мысықтарды жаңа иелеріне беру жануарлардың тиісті құжатымен (ветеринарлық төлқұжатымен) бірге жүзеге асырылады;
2) бірнеше жанұялар тұратын тұрғынжайда (коммуналдық пәтер), тек өзінің жанұясы тұратын тұрғын жайында барлық пәтерде тұрушылардың жазбаша келісімі бойынша көршілердің дәрігерлік кері көрсеткіші (ұшыну) болмаса ит пен екі мысықты тек өзі тұратын жайда ұстауға;
3) жеке тұрғын үйлерде, ғимараттарда және оған іргелес аумақта, осы аумақтардың иелерінің рұқсатымен ғана немесе басқа құқық иелерінің рұқсатымен бірден беске дейін иттер мен мысықтарды ұстауға болады.
Күзетші иттер жақсы қоршалған аумақтарда, қоршаулар жануардың адамдарға және басқа жануарларға шабылдауын, өтіп бара жатқан адамдарды қауып алу мүмкіндігін, қоршаудан шығып кетуін болдырмайтындай болуы керек. Аулада иттің бар екенін ескертетін көлемі 20х30 см тақтайшаға иттің суреті салынып, «Ит күзетеді!», «Охраняется собакой!» деген ескерту жазу жазылып, кіретін жерге ілінуі керек;
4) егер жануарларды ұстау жағдайы зоогигиеналық және санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келсе, жеке тұрғын үйлерде екі иттен бес итке дейін ұстауға болады.
5) кәсіпорындардың, ұжымдардың, мекемелердің азаматтардың коммерциялық емес бағбандық және саяжайлық бірлестіктерінде, демалыс базаларында иттерді байлаулы және арнаулы вольерлерде, адамдарды мазаламайтын, айналасындағыларға қауіп төндірмейтін жағдайда күзету мақсатында ұстауға;
6) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қадағалау өкілетті органдардың келісімі бойынша ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтай отырып, көп пәтерлі үйлерден, жеке тұрғын үйлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарынан, жаппай демалу орындарынан кем дегенде 500 м қашықтықта орналасқан қоршалған аумақта, тұрғындарға қолайсыздық туғызбайтын жағдайда (шу, иіс) арнайы жабдықталған жабық жайларда жеке және заңды тұлғалар қандай да болмасын мысықтар мен иттер үшін паналау баспаналары мен питомниктерді ұйымдастыруға;
7) балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің «жанды бұрыштарында», «зоологиялық бұрыштарында», жазғы және қысқы демалу, денсаулықты жақсарту санаториялық-курорттық мекемелерде (шипажайларда, демалыс үйлерінде, пансионаттарда) тек санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринариялық қызметтердің рұқсатымен иттер мен мысықтарды ұстауға;
8) қонақ үйде иесінің итпен және мысықпен қоныстануы санитарлық-гигиеналық Ережелерді сақтаған жағдайда қонақ үй әкімшілігінің келісімімен жүргізіледі.
35. Мыналарға тиым салынады:
1) тұрғын үй қоры пәтерлерінде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлері үшін паналау баспанасы мен питомниктер ұйымдастыруға;
2) көпшілік пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәліздерде, баспалдақтарда, жертөледе, шатырларда, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосымша орынжайларда), үй жанындағы орындарда (жеке тұрғын үйлердің жанындағы орындардан басқа), жатақхананың дәліздерінде иттер мен мысықтарды ұстауға;
3) көзі әлсіз көретін адамдарды алып жүретін иттерден басқа иттерді қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдарында, қызмет көрсету орындары мен мәдениет мекемелерінде ұстауға;
4) тіркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;
5) адамның өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайларда өзін-өзі қорғау әрекетінен басқа, жалпы қабылданған парасаттылық пен адамгершілік қағидаларын бұзатын жануарларға қатысты (ұру, жарақат салу, өлтіру) күш қолдануға;
6) иттер мен мысықтардың терісін пайдалануға, етін тұтынуға, өңдеу және сату үшін оларды ұстауға немесе аулауға;
7) аудан аумағында иттерді таластыру және басқа да жануарларға қатысты қатыгез іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуге (жануарларға зақым келтірмейтін және күзетші иттерді өсіру үшін дұрыс тұқымдық сұрыптау жүргізуге мүмкіндік беретін, арнайы ережелермен иттердің жұмыс сапаларын тексеруді көздейтін іс-шаралардан басқа)
36. Азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға тиесілі иттер екі айлық жасынан бастап, текті тұқымына қарамастан өте қауіпті инфекциялық және инвазиялық ауруларға қарсы міндетті түрде ветеринарлық алдын-алу бойынша тексеруге жатады.
37. Мысықтар екі айлығынан бастап жануарлар мен адамдарға ортақ инфекциялық ауруларға, эпизоотиялық көрсеткіштер бойынша микроспорияға қарсы егу мен гельминтозия бойынша зерттеуге жатады.
38. Тек қана 16 жасқа толған тұлғалар ғана иттің иесі бола алады.
39. Егер иттің иесі заңды тұлға болып табылса, онда ол итті ұстауға жауапты тұлғаны тағайындауға тиіс.
7-тарау. Иесінен ерекше жауапкершілікті
талап ететін иттерді ұстау
40. Адамдарға және басқа жануарларға аса қауіп төндіруге бейім, тұқымды иттерді есепке алу мақсатында иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін иттерді ұстау аудандық Ішкі істер департаментінің кинологтар қызметі орталығына есепке тұрғаннан кейін рұқсат етіледі.
41. Иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін тұқымды иттердің қатарына: американдық стаффордшир терьері, стаффордширлік бультерьері, аргентиналық догы, питбультерьер, бультерьер, бульмастиф, бразиялық филі, мастифтің барлық түрлері (ағылшындық, испандық, перинийлік, тибеттік), орта азиялық және кавказ овчаркалары, қатты және жұмсақ жүні фокстерьер, сондай-ақ олардың будандары жатады.
Иттің тегін айыру оның тұқым тегінің құжаттарымен анықталады, күмәнді жағдайларда осы саланы жақсы білетін мамандардың көмегімен анықталады.
42. Есепке алынбаған, иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін иттерді оның иелері осы Қағида бұқаралық ақпараттық басылымдарда жарық көргеннен бастап 3 айдың ішінде аудандық Ішкі істер департаментінің кинологиялық қызмет орталығында тіркеуден өткізулері тиіс.
43. Аудан аумағында иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін иттерді иеленуге, әкелуге, ұстауға және көбейтуге, ауданның ІІД кинология қызметі орталығының рұқсатынсыз тиым салынады.
44. Иттердің қала жағдайына бейімделуімен қылығын анықтау мақсатында қызметтік және аңшылық тұқымды иттердің иелері, соның ішінде ерекше жауапкершілікті талап ететін иттердің иелері кинология клубтарында арнайы курстан өтулері тиіс. Сынақтан өткеннен кейін иттің иесі қалалық жағдайда итті серуендетуге рұқсат беретін тиісті үлгідегі құжат алады.
45. Иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін иттерді ұстауды келісу үшін ықтимал жануар иегері психоневрологиялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрмайтыны туралы анықтаманы ұсынуы қажет.
46. Дене күші жағдайы бойынша маңындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете ала алмайтын және 16 жасқа толмаған тұлғаларға, иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін иттерді серуендетуге тиым салынады.
47. Тұрғын үй пайдалану органдары Қарасай ауданы әкімінің аппаратымен келісе отырып арнаулы бөлінген орындардан басқа жерлерде, қоғамдық орындарда және азаматтардың жалпы демалатын басқа да орындарында иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін иттерді серуендетуге тиым салынады.
8-тарау. Иттерді серуендету тәртібі.
48. Иттерді серуендетуге рұқсат беріледі:
1) жануардың нәжісін жинап алатын ыдысы болғанда, иттердің тұмсығына тұмылдырық кигізілген (декоративтік тұқымды иттерден басқалары) және қысқа бауда (1,5 м дейін) осы Қағиданың 51 тармағында көрсетілген орындардан басқа жерлерде айналасындағыларға кедергі келтірмей және мазаламай, жануар иесінің жеке куәлігі болған жағдайда;
2) қоршалған аулаларда, арнайы үйрететін алаңдарда және осы мақсаттарға арналған еркін серуендету орындарында итті баусыз және тұмылдырықсыз серуендетуге;
51. Иттерді серуендетуге тиым салынады:
1) міндетті ветеринарлық алдын алу тазалау шараларынан өткізілмесе;
2) осы мақсаттар үшін рұқсат берілген немесе арнайы бөлінген орындардан басқа тиым салу белгілері орнатылған аулалардың балалар алаңқайында, шомылу орындарында, спорт алаңдарында мектепке дейінгі және оқу орындарының емдеу мекемелерінің емдеу аумақтарында, саябақтарда және қала тұрғындарының жаппай демалатын орындарында;
3) адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты орындаушы, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті күзетуші қызметтік иттерден және жанары әлсіз адамдарды ертіп жүретін иттерден басқасы халық жиналатын орындарда және қоғамдық шараларды өткізетін орындарда;
4) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған балаларға;
49. Торапты көшелердің жанында және көшеден өтер кезде иттің иесі (итті серуендетуші адам) оны жол көлік оқиғасын және иттің жол үстінде мерт болуын болдырмау үшін қысқа бауда ұстауы тиіс.
50. Тұрғын үйлердің жанында иттерді серуендетуге шығарғанда иттердің иелері түнгі сағат 23-00 таңғы сағат 07.00 дейін тыныштықты қамтамасыз етуі тиіс.
51. Тиым салмайтын жазбалар болмаған жағдайда, иттің тұмылдырығы және қысқа бауы бар болғанда иттің иесіне мекемелерде, азық-түлік емес дүкендерде, поштадан және басқа да орындарда болуына рұқсат беріледі.
Кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге итпен нысандарға келуге тиым салынғаны жөнінде белгі орналастыруы және ит байлайтын орындар жабдықтаулары керек.
52. Тұмылдырығымен және қысқа баулы итті шешіліп кетуін болдырмайтындай етіп байлап, оның иесі осы ғимараттың жанында болған уақытына ғимараттың жанында қалдыруға болады, егер осы ретте басқа адамдарға қоғамдық тәртіптің бұзылуы мен қозғалысқа және иттің өзіне қауіп туындамаған жағдайда. Осы ретте ит адамдардың өтуіне кедергі келтірмеуі тиіс.
53. Ит қоғамдық орындарда тек қызметтік тапсырмаларды орындау кезінде ғана баусыз жүре алады.
9-тарау. Иттер мен мысықтарды
қоғамдық көлікте тасымалдау
54. Қоғамдық көлікте иттер мен мысықтар келесі шарттарды орындағанда тасымалдауға рұқсат беріледі:
1) Иттер қоғамдық көліктердің артқы алаңдарында оның нәжісін жинап алатын ыдысы болмағанда тұмылдырық кигізілген және қысқа бауда, жолаушылардың мазасын алмайтындай жағдайда тасымалданады;
2) декоративтік тұқымды иттер мен мысықтар арнаулы торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде) олардың нәжістерін жинап алатын ыдысы болса ғана тасымалданады.
55. Қоғамдық көлікте тасымалдауға тиым салынады:
1) ауру иттер мен мысықтарды;
2) нәжіс жинап алатын ыдысы болмаса, тұмылдырықсыз, қысқа бауы болмаса;
3) мас күйінде адамдар мен 14 жасқа толмаған балалардың иттерді;
4) декоративті тұқымдас иттер мен мысықтарды арнайы тордан тыс(тасымалдауға арналған контейнерде нәжіс жинап алатын контейнерлері болмаса)
10-тарау. Жануарларды сату, сатып алу және тасымалдау
56. Қаскелең қаласында жануарлар жеке және мемлекеттік меншік нысанында болуы мүмкін.
57. Жануарларды белгіленбеген жерлерде, жануардың ветеринариялық анықтамасы мен құжаттарынсыз сатуға тиым салынады.
58. Жануарды сату және сатып алу жануардың жасы 2 айға толған уақытынан, тиісті ветеринарлық құжаттамасы болған кезде жүзеге асырылады, ал жануар 2 айға толмаған кезде сатылса және ветеринарлық төлқұжаты болмаса сатып алушыға күшіктің, мысық пен басқа жануардың енесінің денсаулығының жағдайы жайында анықтама беріледі.
59. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында итті сатып алу жағдайы бойынша, оның иесі иттің аты, тұқымы, иесінің мекен-жайы мен телефоны жазылған жетоны бар қарғыбау мен тұмылдырық болуын қамтамасыз етуі тиіс.
60. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жануарларды жануарлар иелері қоғамы (клубы) және питомниктер арқылы зоодүкендерде және жануарлар сатылатын мамандандырылған базарларда сатуға, сатып алуға болады.
61. Аудан аумағына шет мемлекеттерде жануарларды алып келу, алып кету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтай отырып, өкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болғанда жүзеге асырылады.
62. Мемлекеттік аумағынан сырт жерге селекциялық (асылтұқымдық) және ұлттық құндылығы бар иттер мен мысықтарды кинологиялық және фелинологиялық орталықтарының (клубтың) рұқсатынсыз немесе жолдамасы болмаса шығаруға тиым салынады.
63. Ауыл аумағынан тыс жерге жануарлар тасымалдау (орын ауыстыру) және алып келу ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның берген арнаулы үлгідегі ветеринарлық төлқұжаты мен жүргізілген вакцинасы мен денсаулығы туралы белгісі бар ветеринарлық куәлігі болған жағдайда жүзеге асырады.
64. Жануарларды әуе, теміржол және автомобиль көлігінде аудан аумағынан тысқары жаққа тасымалдау осы көліктердің түрлерінде жануарларды тасымалдау Ережелері негізінде жүзеге асады.
3-БӨЛІМ
11-тарау. Жануарлар иелерінің осы Қағиданы
сақтаудағы жауапкершілігі
65. Жануарға қатыгез қараған, тіркелмеген (есепте тұрмаған) және егілмеген иттер мен мысықтарды ұстаған, осы Қағиданы сақтамаған жануарлардың иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жауапкершілікте болады.
66. Айыппұл салу немесе өзге шара қолдану кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы мен белгіленген тәртіпте шығынның орнын толтырудан босатпайды.
67. Жануарлардың азаматтарды денсаулығына және мүліктеріне келтірілген зиян, заңнамада белгіленген тәртіпте жануар иелерінің есебінен өндіріледі.
12-тарау. Қорытынды қағидалар
68. Тіркеуге жататын жабайы, жыртқыш, улы және экзотикалық жануарларды, иттер мен мысықтарды оның иелері, оларды осы Қағида бұқаралық ақпараттық басылымдарда жарық көргеннен бастап 3 айдың ішінде тіркеулері тиіс.
69. Иттер мен мысықтарды питомниктерде уақытша ұстау құқықтары, үй жануарларына арналған питомниктерді құрылған ретіне қарай туындайды.
Аудандық мәслихат
хатшысы М.Ахметов