Қарасай ауданы аумағында жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 35-6 шешімі. Алматы облысы Қарасай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 қаңтарда N 2-11-78 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 наурыздағы N 51-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 наурыздағы N 51-4 шешімімен

      Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің /Салық Кодексі/ 381-бабына және 387-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы жер заңдарына сәйкес жүргізілген жерлерді өңірлерге бөлу жобалары /схемалары/ негізінде Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2010 жылға төмендегі жоғарылатылған түзету коэффициенттері қолданылсын:
      1 өңір, түзету коэффициенті 1,5.
      2 өңір, түзету коэффициенті 1,4.
      3 өңір, түзету коэффициенті 1,3.
      2. “Қарасай ауданы бойынша 2010 жылға жер салығының базалық ставкасы қосымшаға сәйкес бекітілсін /қосымша тіркелген/.
      3. Қарасай аудандық Әділет басқармасында 25.11.2008 жылы мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2-11-59 болып енгізілген Қарасай аудандық мәслихатының 14.10.2008 жылғы „2009 жылға арналған жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы” № 16-4 шешімінің күші жойылсын.
      4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына /С.Д.Донбаев/, аудандық салық комитетіне /төрағасы С.Белесбаев/ ұсынылсын.
      5. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс 35-ші
      сессиясының төрағасы                       Эм Л.
      
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ахметов М.

Қарасай аудандық мәслихатының
21 желтоқсан 2009 жылғы  
кезектен тыс 35-ші     
сессиясының нөмірі     
35-6 шешіміне қосымшасы   

      “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер” туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 333 бабында және 338 бабының 1 тармағында белгіленген жер салығын Қазақстан Республикасы жер заңдарына сәйкес жүргізілген жерлерді өңірлерге бөлу жобалары (схемалары) негізінде 2010 жылға бекітілген жер салығы
      1. Елді мекендердің жерлеріне салынатын салық ставкалары
      Аудандық маңызы бар қалалар (Қаскелең қаласы)
      1-өңір. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкасы
      базалық ставка 5,79 теңге 1 ш.м.
      түзету коэффициенті 1,5
      ставка түзету коэффициентімен 8,69 теңге 1 ш.м.
      Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын салықтың базалық ставкасы
      базалық ставка 0,39 теңге 1 ш.м.
      түзету коэффициенті 1,5
      ставка түзету коэффициентімен 0,59 теңге 1 ш.м.
      Селолар (ауылдар)
      1-өңір. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкасы
      базалық ставка 0,48 теңге 1 ш.м.
      түзету коэффициенті 1,5
      ставка түзету коэффициентімен 0,72 теңге 1 ш.м.
      Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салықтың базалық ставкасы
      базалық ставка 0,09 теңге 1 ш.м.
      түзету коэффициенті 1,5
      ставка түзету коэффициентімен 0,14 теңге 1 ш.м.
      2-өңір. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкасы
      базалық ставкасы 0,48 теңге 1 ш.м.
      түзету коэффициенті 1,4
      ставка түзету коэффициентімен 0,67 теңге 1 ш.м.
      Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салықтың базалық ставкасы
      базалық ставкасы 0,09 теңге 1 ш.м.
      түзету коэффициенті 1,4
      ставка түзету коэффициентімен 0,13 теңге 1 ш.м.
      3-өңір. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкасы
      базалық ставкасы 0,09 теңге 1 ш.м.
      түзету коэффициенті 1,3
      ставка түзету коэффициентімен 0,12 теңге 1 ш.м.
      Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салықтың базалық ставкасы
      базалық ставка 0,09 теңге 1 ш.м.
      түзету коэффициенті 1,4
      ставка түзету коэффициентімен 0,13 теңге 1 ш.м.

      Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс 35-ші
      сессиясының төрағасы                       Эм Л.
      
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ахметов М.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады