Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің 2010.12.15 N 12-31 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз).
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабындағы 3 тармағына сәйкес, 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды уақтылы және сапалы жүргізу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2010 жылғы қаңтар-наурыз айларында, 1993 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алынсын.
2. Аудандық ішкі істер басқармасы (Ж.Б.Бүйтеков) (келісім бойынша):
1) 2010 жылғы 15 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге кәмелетке толмағандар ішкі істер басқармасында есепте тұрған жастардың тізімін берсін;
2) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, әскерге шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруге көмек көрсетсін.
3. «Қарасай аудандық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (Л.Қ.Бердібеков) (келісім бойынша):
1) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін;
2) 2010 жылғы 15 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1993 жылы туылған жастарға, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық, психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;
3) тіркеуге алуға дейін 1993 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастап, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман-дәрігерлеріне тапсырсын.
4. «Қарасай аудандық зейнет ақы төлеу орталығы» мемлекеттік мекемесі (Р.Б.Нахметова):
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге, мүгедек деп танылған 1993 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
5. «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ұ.А.Бархинова):
1) тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін, жалпы білім деңгейін және мамандығын анықтау жұмыстарын ұйымдастырсын;
2) 1993 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін үміткерлерді іріктеп алу жұмысын жүргізсін;
6. «Қарасай ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.И.Иманбеков):
Кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарда әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығын ұйымдастырсын;
7. Қарасай ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 6 қаңтардағы № 2-11-61 нөмірімен мемлекеттік тізілімде тіркелген, «1992 жылы туылған азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы» аудан әкімінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 12-29 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2009 жылдың 20 маусымында «Заман жаршысы» газетінің 25 нөмірінде жарияланған).
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қалиев Еділ Әбуұлына жүктелсін.
9. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Турлашов Л.