Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің 2012.01.23 N 1-1 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13-тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу мақсатында Қарасай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туылған және бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 151 мекен-жайында орналасқан шақыру учаскесіне "Қарасай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Кенттердің, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары жыл сайын белгілеген мерзімде Қарасай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
3. Қарасай ауданы әкімінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы "1993 жылы туылған азаматтарды 2010 жылы Қарасай ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеп жазуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 12-42 (Қарасай ауданының әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 19 қаңтарда тіркелген нөмірі 2-11-80, "Заман жаршысы", газетінің 2010 жылғы 3 ақпанда 6-нөмірінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қалиев Еділ Әбуұлына жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Л. Тұрлашов