Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 03.04.2014 N 29-125 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ аудан әкімінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 2-10-266 өтініш хатының негізінде Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауданы аумағында бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: Р.О Ахмедченов
Мәслихат хатшысының
міндетін уақытша атқарушы: С.С. Дәркенбаева
Қаратал аудандық мәслихатының
2009 жылғы 07 мамырдағы N 24-98
"Қаратал ауданы аумағындағы
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларының мөлшерін белгілеу
туралы" шешіміне
қосымша
Рет |
Салық салу объектісінің атауы |
Бір объектіге төленетін салық ставкаларының мөлшері (айлық есеп көрсеткіш) |
1 |
2 |
3 |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
2 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
3 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4 |
Ойын жолы |
7 |
5 |
Карт |
7 |
6 |
Бильярд үстелі |
6 |