Қаратал ауданы бойынша барлық салық төлеушілер үшін 2014-2016 жылдарға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 03 сәуірдегі N 29-125 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 16 сәуірде N 2673 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 45-184

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 24.04.2015 № 45-184.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қаратал ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген бірыңғай салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қаратал ауданық мәслихатының 2009 жылғы 07 мамырдағы N 24-98 "Қаратал ауданы аумағында бекітілген базалық ставкалары шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 10 маусымында 2-12-107 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 19 маусымдағы аудандық "Қаратал" газетінің 26 (7030) нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтану, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, заңдылық, құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                           В. Ли

      Мәслихат хатшысы:                          Б. Смаилов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қаратал ауданы бойынша
      салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Алтынхан Кемалшанұлы Нұрланов
      03 сәуір 2014 жыл

Қаратал аудандық мәслихатының
2014 жылғы 03 сәуірдегі N 29-125
"Қаратал ауданы бойынша барлық
салық төлеушілер үшін 2014-2016
жылдарға арналған бірыңғай
тіркелген салық ставкаларын
белгілеу туралы" шешіміне
қосымша

Қызметін аудан аумағында жүзеге асыратын барлық салық
төлеушілер үшін 2014-2016 жылдарға арналған бірыңғай тіркелген
салық ставкларының мөлшері

Реттік N

Салық салу объектісінің атауы

Қаратал ауданы бойынша айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы.

2

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы.

2

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

2

4.

Ойын жолы

10

5.

Карт

5

6.

Бильярд үстелі

4

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады