Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2009.10.22 N 338 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік зертхананың 2009 жылдың 12 мамырындағы N 234 сараптамасы, Қаратал ауданының бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторының 2009 жылдың 20 мамырындағы N 234 хабарламаласы және төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссияның 2009 жылдың 20 мамырындағы хаттамасы негіздерінде, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Айту би ауылдық округінің "Жасталап" ауылына жеке аулаларында қой, ешкі малдары ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында, шектеу енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Амандосовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім: Қ. Медеуов