2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы N 168 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Кербұлақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 19 маусымда N 2-13-95 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 305 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 19.09.2017 № 305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабының 5-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақылы қоғамдық жұмыс ұсыныс пен сұранысқа сай, ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.

      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А.Диханбаева):

      1) қосымшада көрсетілген қоғамдық жұмыстарға байланысты жұмыс берушілермен келісім шартқа отырсын және екі жақты келісімнің орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) нақты атқарылған қоғамдық жұмысқа ақы төлеу жұмыс беруші мен жұмыссыздың жеке еңбек келісім шарты бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ең төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде жұмыс уақытының есебі көрсетілген табель негізінде жүргізілсін.

      3. Кербұлақ аудандық әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде 2008 жылдың 31 қаңтарында N 2-13-60 болып тіркелген (аудандық "Кербұлақ жұлдызы" басылымында 2008 жылдың 1 ақпанындағы N 5 санында жарияланған), аудан әкімдігінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы "2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 14 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Аудандық қаржы бөліміне (Г.Мұсахметоваға, келісімі бойынша) ақылы қоғамдық жұмыстарға, төлеуге ақша қаражатын мезгілімен бөлінуін қамтамасыз ету жүктелсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Момбаевқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Жантілеуов

  Кербұлақ ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 22 мамырдағы
"2009 жылы ақылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы"
N 168 қаулысына
қосымша

Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру түрлері, көлемі және
жұмыс берушілердің тізімі

р/с

Қоғамдық жұмыс берушілердің тізбесі

Қоғамдық жұмыстар түрлері

Адам саны

Қаржыландыру көздері

1.

Сарыөзек,
Жайнақ, Сарыбастау,
Көксу,
Талдыбұлақ,
Басши,
Жоламан, Шанханай, Қарашоқы,
Шұбар,
Сарыбұлақ,
Қаспан,
Қызылжар,
Қоғалы,
Алтынемел,
Ауыл-кент округтер

Тұрғын үй коммуналдық жүйесіне өнеркәсіптік мекемелердің, елді мекендердің аулаларын тазалауға көмек көрсету, көгалдандыру, көркейту, экологиялық тазалық жұмыстарын жүргізу және бұзылған үйлердің орындарын тазалау көмектесу.
Жолдарды ретке келтіруге көмектесу, су құбырларын жөндеу жұмыстары, арықтарды, су жолдарын қазып, тазалау және құрылыс тастарын дайындау жұмыстарына көмектесу. Әлеуметтік мәдени объектерді күрделі және ағымды жөндеуден өткізуге көмектесу.
Тарихи архитектуралық ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарына көмектесу.
Мәдениеттік және спорттық бағыттағы үлкен іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесу (спорттық жарыстар, мерекелер мен фестивальдар).
Республикалық аймақтық серіктестік жұмыстарына қатысу (халық санағын жүргізу, жастарды әскери дайындыққа шақыруға көмектесу).
Малдарды сырғалау, таңбалау және малды ұрықтандыру жұмыстарына көмектесу.
Кітаптарды қалпына келтіру көмектесу.
Мүгедек азаматтар мен және мүгедек балалармен жұмыс жүргізу.
Атаулы әлеуметтік көмекті және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған көмекті алушылардың,тұрғын үй көмегіне құжаттарын қабылдауға көмектесу.
Мұражайларға көмек жұмыстарын көрсету.
Жастар ұйымының жұмыстарын, есірткеге мұқтаж жастармен және СПИД ауруларына қарсы күрес жұмыстарын жүргізуге көмектесу.
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, мүгедектердің, соғыс ардагарлердің жесір қалған әйелдердің және жалғыз басты қарттардың үйлеріне жөндеу жұмыстарына көмектесу және газет журнал, хаттарды жеткізіп беру.
Белгіленген жерге малдың өлексесін тастайтын ұраларды қоршау, шартты белгілерін ілу.
Спорттық клубтарды дамыту және үйірме жұмыстарын арттыруға көмектесу.
Халық салт-дәстүрін қайта жандандыруға көмек көрсету.
Балалардың демалыс уақытында демалыс лагеріне көмек көрсету.
Тұрмысы төмен отбасыларына құжаттандыруға көмек көрсету.
Шаруашылық кітаптарды толтыру, т.б. түрлерін көмек көрсету.

255

Жергілікті бюджеттен

2.

"Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Мемлекеттік мекемесі

Балаларды әскерге шақыру науқанында көмек көрсету, оларға шақыру қағаздарын тарату.

4

Жергілікті бюджеттен

3.

Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатының Кербұлақ ауданының дербес бөлімшесі

Мұрағаттық құжаттарды қалпына келтіру, сөрелеу, тігу, жаңғырту жұмыстарын жүргізу.

4

Жергілікті бюджеттен

4.

Кербұлақ аудандық зейнетақы төлеу бөлімшесі

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына зейнетақы қорларымен салыстыру жүргізуге көмек көрсету және архивтерді ретке келтіру.

2

Жергілікті бюджеттен

5.

Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты жақсартып бірлесе отырып жұмыстарын ұйымдастыру

Соғыс ардагерлері, жалғыз басты қарттарға және мүгедек адамдарға көмек көрсету жұмыстарын жүргізуі, үйлерін ақтау, сырлау, қысқа алғаш отындарын дайындау азық - түліктерін, дәрі - дәрмектерін және суларын жеткізіп беру. Алғашқы медициналық көмек көрсету. Газет журналдарын, хаттарын жеткізіп беру.
Жұмыссыз жастарға жұмыс іздеу клубын ұйымдастыру.

5

Жергілікті бюджеттен

6.

Барлығы:


270



      Аппарат басшысы С. Мұстафанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады