Кербұлақ ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 305 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 3 қазанда № 4339 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Кербұлақ ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Камамбаева Гүлжан Алтынбековнаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ ауданының әкімі Б. Алиев

  Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "19" қыркүйектегі № 305 қаулысына қосымша

Кербұлақ ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Кербұлақ ауданы әкімияты резервінің қаржысын пайдалану Ережелерін бекіту туралы" 2003 жылғы 30 мамырдағы № 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1184 тіркелген, 2003 жылдың 06 маусымында "Кербұлақ жұлдызы" газетінде жарияланған);

      2. "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 22 мамырдағы № 168 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-13-95 тіркелген, 2009 жылдың 26 маусымда "Кербұлақ жұлдызы" газетінде жарияланған);

      3. "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 09 наурыздағы № 36 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-13-112 тіркелген, 2010 жылдың 23 сәуірдегі "Кербұлақ жұлдызы" газетінде жарияланған);

      4. "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықтау туралы" 2011 жылғы 23 ақпандағы № 50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-13-135 тіркелген, 2011 жылдың 11 наурызында "Кербұлақ жұлдызы" газетінде жарияланған);

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу туралы" 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 381 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-13-145 тіркелген, 2012 жылдың 6 қаңтар "Кербұлақ жұлдызы" газетінде жарияланған);

      6. "Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 392 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-13-147 тіркелген, 2011 жылдың 23 желтоқсанда "Кербұлақ жұлдызы" газетінде жарияланған);

      7. "Кербұлақ ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы" 2015 жылғы 03 сәуірдегі № 83 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3130 тіркелген, 2015 жылдың 17 сәуірінде "Кербұлақ жұлдызы" газетінде жарияланған);

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады