1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 1-1 шешімі. Алматы облысының әділет департаменті Райымбек ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 17 ақпанда N 2-15-65 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2009 жылғы 23 маусымдағы N 6-19 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2009.06.23 N 6-19 шешімімен

      Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабының 1 тармағының 13 тармақшасы, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3 тармағы негізінде 1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды  Қазақстан Республикасының Қарулы Қүштеріне, әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. 2009 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1992 жылы туылған, сондай -ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған, жасы ұлғайған  азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.
       2. Аудандық ішкі істер бөлімі (Б.Онғаров, келісім бойынша)
      1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияда есепте тұрғандардың тізімін беру
ұсынылсын;
      2) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруде
көмек көрсету және оларды жедел іздестіру мақсатында аудандық ішкі істер бөлімі мен қорғаныс істері жөніндегі бөлімі өкілдерінен
құрылған бақылау және іздестіру тобын құру сұралсын;
       3. Аудандық орталық ауруханасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (Б.Тилемисов келісім бойынша)
      1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мүгедек деп танылған 1992 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын;
      2) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне 1992 жылы туылған амбулаториялық есепте тұратын науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинетінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін беру ұсынылсын;
      3) тізімге алуға дейін 1992 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізу сұралсын;
      4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастау және олардың тізімін жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман дәрігерлеріне тапсыру сұралсын.
       4.Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының Алматы облыстық филиалының Райымбек аудандық бөлімшесі (А.Тұмабаев келісім бойынша).
      1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мүгедек деп
танылған 1992 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
       5. Аудандық "Білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ.Жамбаев):
      1)тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мұғалім-педогогтар бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;
      2)1992 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмыстарын жүргізсін;
      3) Тіркелген бозбалалардың шынығу дайындығы деңгейін анықтау үшін оқу орындарында сынақтан өткізу үйымдастырсын;
      4) Тіркеу кезінде спорттың әскери қолданбалы түрлерінен шаралар өткізу жандандырылсын.
       6. Осы шешімнің орындалу барысы және азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу қорытындысы туралы аудан әкіміне 2009 жылдың 10 сәуіріне дейін ақпарат тапсыру аудандық "Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Н.Әбілғазиев) жүктелсін.
       7. Аудандық әділет басқармасында 16 мамыр 2008 жылы нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеу тізілімінде
N 2-15-57 санды тіркелген ("Хан тәңірі" газетінде 31 мамыр 2008 жылы N 22 (7537) санында жарияланған) аудан әкімінің 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу туралы  18 сәуір 2008 жылғы N 4-20 шешімінің күші жойылсын.
       8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау  аудан әкімінің орынбасары Т.Қасымберкебаевқа жүктелінсін.
       9. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                   А.Айтжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады