Райымбек ауданындағы ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Райымбек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 мамырдағы N 25-128 шешімі. Алматы облысы Райымбек ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 маусымда N 2-15-72 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 05 қарашадағы N 8-52 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2012.11.05 N 8-52 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағы негізінде Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Райымбек ауданындағы ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек төленсін.
       2."Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік көмекті төлеуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
       3. Осы шешімнің орындалуына бақылау-басшылық жасау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, халыққа сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және мәдениет, тіл, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.Чотбаева) жүктелсін.
       4. Шешім алғаш ресми баспасөзде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ұ. Әбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады