Райымбек ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 қарашадағы N 8-52 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 23 қарашада N 2198 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 қарашадағы № 37-197 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 05.11.2014 № 37-197 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18–бабы 5–тармағы және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағы 15) тармақшасы негізінде Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Райымбек ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, тіл, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс,  бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Райымбек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 мамырдағы "Райымбек ауданындағы ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы" N 25–128 шешімінің (2009 жылғы 3 маусымдағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2-15-72 нөмірімен енгізілген, 2009 жылғы 06 маусымдағы N 22 "Хан тәңірі" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       С. Саниязов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Е. Кудабаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Райымбек аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы             Халық Зыкаев
      05 қараша 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады