2009 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 1992 жылғы Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 01-01 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Панфилов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 ақпанда N 2-16-78 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 1992 жылғы Қазақстан Республикасының азаматтары шақыру учаскелеріне тіркеуге алынсын.
      2. Алынып тасталды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009.03.18 N 03-04 (жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
       3. "Панфилов аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Сарпеков Төлеу Құмарбекұлына (келісім бойынша):
      1) алынып тасталды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009.03.18 N 03-04 (жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2) алынып тасталды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009.03.18 N 03-04 (жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      3) Тізімге алынғанға дейін 1992 жылы туылған барлық жасөспірімдердің кеуде қуысы органдарын флюрографиялық тексеруден өткізуді, эритроциттердің тыну жылдамдығын, гемоглобинді, лейкоцидтерді анықтай отырып, қандарын сараптауды, зәрдегі белок құрамын анықтау, электрокардиограммасын, сондай-ақ резустың оң және терістігін анықтауды жүргізсін;
      4) 2009 жылдың 5 қаңтарына дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне науқастың Ф-25 нысанындағы амбулаториялық картасы мен Ф-25 ІV қосымшасын, туберкулез, жүйке аурулары диспансерлерінде және жасөспірімдер кабинетінде есепте тұрғандардың тізімін берсін;
      5) алынып тасталды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009.03.18 N 03-04 (жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      6) Шақырушылар арасындағы емдеу-сауықтыру жұмыстары тізімге алу кезінен басталсын, хирургиялық және тонзилоэктомиялық қажеттілік жағдайында 2009 жылдың мамыр айында аяқталсын.
       4. Алынып тасталды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009.03.18 N 03-04 (жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
       5. Аудандық білім бөлімінің бастығы Жазылбекова Бағира Нұрсадыққызына:
      1) Тізімдеу кезінде орта білімі жоқ азаматтарды анықтау мақсатында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына тиісті мұғалімдер бөлсін және олардың орта білім алуын ұйымдастырсын;
      2) Дайындық деңгейі мейлінше дамыған жастар арасынан жоғары әскери оқу орындарына кандидаттар іріктеу жұмысын жүргізсін;
      3) алынып тасталды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009.03.18 N 03-04 (жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
       6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Алибаев Нұржан Ермекұлына (келісім бойынша):
      1) Тізімге алу алдында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1992 жылы туылған азаматтар арасында әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бас еркінен айырылған және тіркеудегі, нашақорлыққа салынғандардың тізімін берсін;
       7. Алынып тасталды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009.03.18 N 03-04 (жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
       8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Мұқанов Мақсат Жақияұлы атқарылған жұмыстар туралы 2009 жылдың 5 сәуіріне аудан әкіміне хабарлама берсін.
       9. Панфилов ауданы әкімінің 2008 жылғы 28 қаңтарындағы "2008 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 1991 жылғы Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеу туралы" N 01-01 (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2008 жылғы 03 наурызда N 2-16-58 болып тіркелген, 2008 жылы 07 маусымда "Жаркент өңірі" газетінің N 23 нөмірінде жарияланған) шешімнің күші жойылған деп танылсын.
       10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Әбдіқадырұлына жүктелсін.
       11. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Келемсейіт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады