РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудан әкімінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы "2009 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 1992 жылғы Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеу туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2009 жылғы 04 ақпандағы N 2-16-78 болып тіркелген, 2009 жылы 13 ақпандағы "Жаркент өңірі" газетінің N 7 нөмірінде жарияланған) N 01-01 шешіміне төмендегідей өзгертулер енгізілсін:
1) шешімнің 2-тармағын, 3-тармағының 1-2, 5-тармақшалары, 4-тармағы, 5-тармағының 3-тармақшасы және 7-тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Раевқа жүктелсін.
3. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Келемсейіт