РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Панфилов ауданы бойынша 2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, ұйымдардың тізбелері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және қаржыландыру көздері (қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстар аудандық қаржы бөлімімен жергілікті бюджетте қаралған, бекітілген қаржы мөлшерінде және жұмыс берушілердің өтінімі бойынша солардың қаражаты есебінен төленеді.
3. Панфилов ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы "Панфилов ауданы бойынша 2008 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстар туралы" N 20 (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2008 жылғы 27 ақпанда N 2-16-56 болып тіркелген, 2008 жылғы 12 сәуірде N 15 "Жаркент өңірі" газетінде жарияланған) қаулының күші жойылған деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.А. Раевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Келемсейіт.
Панфилов ауданының әкімдігінің
2009 жылғы 21 қаңтардағы
"Панфилов ауданы бойынша
2009 жылға арналған
ақылы қоғамдық жұмыстар
туралы" N 41 қаулысына
қосымша
Панфилов ауданы бойынша 2009 жылға жұмыссыз азаматтарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, ұйымдардың тізбелері, көлемі мен ңақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және қаржыландыру көздері
р/с |
Жұмыс берушілер |
Жұмыс түрі |
Қатыcу |
Жұмыс |
Айлық есептік |
Қаржылан |
1 |
Жаркент, |
1. Тұрғын үй |
645 |
3 |
13,470 |
Жергілік 26064,0 |
2 |
Панфилов |
Өңірде қоғамдық науқандарды |
12 |
3 |
13,470 |
Жергілік 485,0 |
3 |
Панфилов аудандық |
Кітап қорын |
6 |
3 |
13,470 |
Жергілік 242,0 |
4 |
"Алматы облысының мемлекеттік мұраға |
Архив |
10 |
2 |
13,470 |
Жергілік 270,0 |
5 |
Жаркент |
1. Әлеуметтік |
30 |
2,4 |
13,470 |
Жергілік 970,0 |
6 |
Панфилов аудандық |
1. Халықтың |
15 |
5 |
13,470 |
Жергілік ті бюджеттен 1010,0 |
7 |
Панфилов аудандық |
1. Мәдени және |
2 |
2 |
13,470 |
Жергілік 54,0 |
Барлығы |
720 |
29095,0 |