Панфилов ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш процент мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 шілдедегі N 395 қаулысы. Алматы облысының әділет департаменті Панфилов ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 27 тамызда N 2-16-94 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 09 қаңтардағы № 02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 09.01.2017 № 02 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Әбдіқадырұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Келемсейіт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады