Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 02 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 20 қаңтарда № 4075 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 68 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 08.02.2024 № 68 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға жұмыс орындарына квота белгіленсін:
      1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
      3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.
      2. Панфилов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 395 "Панфилов ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш процент мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-16-94 тіркелген, 2009 жылдың 19 қыркүйегінде "Жаркент өңірі" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Магрупова Роза Азаматовнаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Абдулдаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады