Жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 шілдедегі N 397 қаулысы. Алматы облысының әділет департаменті Панфилов ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 27 тамызда N 2-16-96 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 126 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2010.03.29 N 126 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14-тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін бір жолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) азаматтың қайтыс болған кезеңіндегі айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінде тағайындалып, төленуі қамтамасыз етілсін.
       2. Әлеуметтік көмек, азамат қайтыс болған күннен бастап, алты ай мерзім ішінде отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның өтініші бойынша, отбасының табысына қарамастан, қайтыс болған адам жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлімде ресми түрде тіркеуде тұрған жағдайда, жұмыс істеп жүріп қайтыс болған кезде, мекеменің меншік түріне қарамастан еңбек қатынасында болса төленеді.
       3. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Азат Жапарұлы Жақыбай әлеуметтік көмекті отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның жеке шотының нөмірлері көрсетілген өтініштің негізінде аудандық пошта байланыс торабы арқылы мына төмендегі құжаттарды өткізген жағдайда тағайындалып, төленуі қамтамасыз етілсін:
      1) өтініш иесінің жеке басының куәлігі, соның ішінде оралмандарға берілген ыхтияр хат немесе оралмандар куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) сақтандыру кассасына ұсынылатын әділет органдары беретін өлім туралы анықтама (түпнұсқасы);
      3) еңбек қатынастарын растайтын құжат (еңбек кітапшасы, жұмыс істеген жерінен анықтама, еңбек келісім-шарты);
      4) ресми түрде жұмыссыз мәртебесін растайтын анықтама.
       4. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Бибігүл Нүкенқызы Албанбекова аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін бір жолғы әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.
       5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Амантай Абдықадырұлы Раевқа жүктелсін.
       6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Келемсейіт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады