Черкасск ауылдық округінің Черкасск ауылында мысықтан туындаған құтыру ауруына қарсы шектеу шараларын қою туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 2 қыркүйектегі N 246 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Сарқан ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 8 қыркүйекте N 2-17-75 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 353 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2.12.2009 № 353 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 18-тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Черкасск ауылдық округінің Черкасск ауылында мысықтан туындаған құтыру ауруына байланысты, құтыру ауруына қарсы шектеу шаралары қойылсын.
      2. Құтыру ауруынан айықтыру мақсатында ветеринариялық - санитарлық және медициналық шараларды жүзеге асыру ісі "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сарқан аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне тапсыру ұсынылсын (келісім бойынша).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Әлібаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Бекішов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады