"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 2 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жамбыл облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық
мәслихат хатшысы Ә. Әсілбеков
Жамбыл облыстық мәслихатының
2009 жылғы 29 қазандағы
№ 16-17 шешіміне қосымша
Жамбыл облысында жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешімдер қабылдау тәртібі
1. Жергілікті қоғамдастықтардың жиналыстары (жиындары) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің белгіленген шекаралары шегінде елді мекендерде өткізіледі.
2. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтетін күні мен орны жөнінде жергілікті қоғамдастықтың мүшелеріне, жиналыстың (жиынның) басталуына 10 күнтізбелік күн қалғанда хабардар етіледі.
3. Жиналыстар (жиындар) басталар алдында, жиналысқа қатысушылардың тікелей ұсынған кандидатураларынан, жиналысқа қатысушы мүшелердің ашық дауыс беруі арқылы көпшілік дауысымен төраға және хатшы сайланады.
4. Жиналыстың (жиынның) күн тәртібі түскен ұсыныстарды ескере отырып қалыптастырылады және қатысушылардың көпшілік дауысымен бекітіледі.
5. Жиналысқа (жиынға) қатысушылар оның күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, олар хаттамамен рәсімделеді.
6. Жергілікті қоғамдастықтар жиналыстарының (жиындарының) шешімдері ашық дауыспен, жиналысқа (жиынға) қатысушы жергілікті қоғамдастық мүшелерінің көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданады.
7. Жергілікті қоғамдастық қызметіне қатысты басқа да мәселелер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңымен реттеледі.