Байзақ ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 15-5 шешімі. Жамбыл облысы Байзақ ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 27 ақпанда 89 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 26-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 16.03.2018 № 26-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Байзақ ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскілерін қоспағанда) және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға жоғарлатылсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      А. Жамишжанов А.Ж. Унетаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады