"Байзақ ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 15-5 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 26-8 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 сәуірде № 3775 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 Заңының 27 бабына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Байзақ ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 15-5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 89 болып тіркелген, 2009 жылғы 6 наурыздағы "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының "Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Р. Сапарбеков
      Аудандық мәслихат хатшысы Н. Тлепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады