Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 19 Қаулысы. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 02 ақпанда 77 нөмірімен тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 3/904 хаты)

      Еркерту.Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.06.08 N 3/904 хаты).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сайлау өткізілетін, № 10 Жамбыл сайлау округі бойынша Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орыны болып Шайқорық ауылы, Сихымбай баба көшесі, № 21 мекен жайдағы ауылдық клубының ауласы белгіленсін.
      2. Жамбыл селолық округінің әкімі (Ж. Мұсырманқұлов) Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісімі бойынша) бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орынды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Табжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Жамбыл ауданының әкімі                     М. Дүйсембаев

КЕЛІСІЛДІ

Жамбыл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
Б. Омаров
2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады