2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 535 Қаулысы. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қаңтарда 106 нөмірімен тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 3/904 хаты)

      Еркерту.Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.06.08 N 3/904 хаты).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы негізінде, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы ұйымдардың тізбелері № 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс № 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. «Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н. Несіпбеков) жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін және жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгілік шарт жасассын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ү. Наймановаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Жамбыл ауданының әкімі                     М. Дүйсембаев

«КЕЛІСІЛДІ»

“Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің
Жамбыл аудандық Ішкі істер бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С. Ашималиев
28 желтоқсан 2009 ж.

“Жамбыл облысы Жамбыл ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің бастығы
О. Ивасик
28 желтоқсан 2009 ж.

Жамбыл ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 29 желтоқсан
№ 535 қаулысына № 1-қосымша

2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. “Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      2. “Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса селолық округі Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      3. “Жамбыл облысы Жамбыл ауданы “Айшабибі селолық округі Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      4. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы “Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      5. “Жамбыл облысы Жамбыл ауданы “Ақбұлым ауылы Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      6. “Жамбыл облысы Жамбыл ауданы “Бесағаш селолық округі Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      7. “Жамбыл облысы Жамбыл ауданы “Гродиково селолық округі Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      8. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы “Ерназар ауылдық округі Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      9. “Жамбыл облысы Жамбыл ауданы “Жамбыл селолық округі Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      10. “Жамбыл облысы Жамбыл ауданы “Көлқайнар селолық округі Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      11. “Жамбыл облысы Жамбыл ауданы “Қаракемер ауылдық округі Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      12. “Жамбыл облысы Жамбыл ауданы “Қызылқайнар ауылдық округі Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      13. “Жамбыл облысы Жамбыл ауданы “Қаратөбе ауылдық округі Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      14. “Жамбыл ауданы “Құмшағал ауылдық округі Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      15. “Жамбыл облысы Жамбыл ауданы “Қарой селолық округі Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      16. “Жамбыл облысы Жамбыл ауданы “Пионер ауылдық округі Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      17. “Жамбыл облысы Жамбыл ауданы “Полатқосшы селолық округі Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      18. “Жамбыл облысы Жамбыл ауданы “Өрнек селолық округі Әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі;
      19. “Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі;
      20. “Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі” мемлекеттік мекемесі;
      21. “Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” мемлекеттік мекемесі;
      22. “Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ”Жастар орталығы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      23. “Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі;
      24. “Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша).
      25. “Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Жамбыл аудандық Ішкі істер бөлімі” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)

Жамбыл ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 29 желтоқсан
№ 535 қаулысына № 2-қосымша

2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

Жұмыс түрлері

Нақты жұмыс жағдайлары

Көлемі

Қаржыландыру көздері

Еңбегіне төленетін ақының мөлшері (адам басына)

Сұраныс

Ұсыныс

1.

Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгеріштендіру және тазалық жұмыстары)

1. Арық тазалау
2. Күл-қоқыс шығару
3. Жол құрылысын жөндеу жұмыстарына қатысу
4. Гүл егу және оны күту

200 километр

2000 тонна

80 километр

800 метр квадрат

Жергілікті бюджет

20000 теңге

60

60

2.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету

1.Тал егу оны күзету, суғару, күтіп-баптау
2.Ескі талдарды ретке келтіру

20000 түп
 

180,1 гектар

Жергілікті бюджет

20000 теңге

50

50

3.

Республикалық және аймақтық науқандар өткізу шараларына қатысу
Жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік, мәдени- көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу. Жұмысты толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi график бойынша тұрғындарға құжат нысандарын толтыруға жәрдемдесу, хабарламалар, шақыру қағаздарын тарату, сауалнамалар жүргізу.
жұмысты толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi график бойынша

1. Сауалнама жүргізу
2. Санақ жұмыстарына қатысу
3. Әскерге шақыру комиссиясына көмек көрсету
4. Аудан аумағында мемлекеттік «Жастар саясатын» жүзеге асыруға жәрдемдесу
5. Мекеме ұйымдардағы қоғамдық іс-шараларға қатысу
6. Басқа да жұмыстар

Қажеттілігіне сәйкес

Жергілікті бюджет

20000 теңге

30

30

4.

Бюджеттік мекемелерді қысқы мерзімге дайындауға қатысу, соғыс ардагерлері мен тұрмысы төмен мүгедектердің, жалғызбасты қарттардың үйлерін ағымды жөндеуден өткізуге жәрдемдесу.

1. Тал әктеу
2. Отын дайындау
3. Аулаларды ретке келтіру

Қажеттілігіне сәйкес

Жергілікті бюджет

20000 теңге

20

20

5

Барлығы





160

160

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады