2010 жылы Жамбыл ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 05 Шешімі. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 107 болып енгізілді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 3/904 хаты)

      Еркерту.Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.06.08 N 3/904 хаты).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскери шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша ұсынылсын) әскери шақыру учаскесінде 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Жамбыл ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.
      2. Селолық және ауылдық округ әкімдері «Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуге шақырылғаны туралы 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды хабардар етіп, тіркеу жүргізу учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.
      3. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Жұмабаева «Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру пунктіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысымен белгіленген тәртіппен азаматтарды әскери-дәрігерлік сараптама өткізу ұсынылсын.
      5. «Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Жамбыл аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Ашималиевке (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіріп және ұстау өз құзыреті шегінде ұсынылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ү. Наймановаға жүктелсін.
      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Жамбыл ауданының әкімі                     М. Дүйсембаев

«КЕЛІСІЛДІ»

“Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің
Жамбыл аудандық Ішкі істер бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С. Ашималиев
28 желтоқсан 2009 ж.

“Жамбыл облысы Жамбыл ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің бастығы
О. Ивасик
28 желтоқсан 2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады