Бір жолғы әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 21-8 Шешімі. Жамбыл облысы Меркі ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 22 мамырда 67 нөмірімен тіркелді. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Меркі аудандық Әділет басқармасының 2010 жылғы 27 мамырдағы № 4-1151 хатымен

      Ескерту: Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Меркі аудандық Әділет басқармасының 2010.05.27 № 4-1151 хатымен.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Меркі ауданының елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Н.С.Холоша                                 Т.Олжабай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады