Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімиятының 2009 жылғы 8 мамырдағы N 225 Қаулысы. Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 08 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 82 болып енгізілді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2012.01.12 № 3 Қаулысымен.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1-бабының 4 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Райжанұлы Іңкәрбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Нұралиев

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 08 мамырдағы № 225
қаулысына қосымша     

Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді iрiктеу тәртiбi

      Осы әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1-бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбiн айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Аталған тәртіптегі пайдаланатын негізгі ұғымдар:
      1) әлеуметтiк жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;
      2) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
      3) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген адамдар топтары;
      4) Уәкілетті орган – "Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді iрiктеу тәртiбi

      2. алынып тасталды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2010.01.10 № 2 (Қолданысқа енгізілу тәртібін 3. тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3. алынып тасталды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2010.01.10 № 2 (Қолданысқа енгізілу тәртібін 3. тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      4. алынып тасталды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2010.01.10 № 2 (Қолданысқа енгізілу тәртібін 3. тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс беруші уәкілетті органға құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарының саны, еңбек ақы мөлшері көрсетілген еркін нысанды ұсыныс береді және төмендегі талаптарға сай болуы керек:
      1) жұмыс берушілердің салық және бюджетке басқа төлемдер бойынша қарыздары жоқ және төлемдік қабілеттілігі;
      2) нысаналы топтар үшін әдейі арналған уақытша жұмыс орындары немесе оларды құруға мүмкіндігі бар болуы;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындарды пайдаланбау.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2010.01.10 № 2 (Қолданысқа енгізілу тәртібін 3. тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      6. алынып тасталды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2010.01.10 № 2 (Қолданысқа енгізілу тәртібін 3. тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      7. Жасалған шарттың негізінде жұмыс беруші нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарды құрады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады