Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2012.01.12 № 3 Қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Т. Рысқұлов аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы» Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 08 мамырдағы № 225 Қаулысына (Нормативтік құқықтық актінінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-8-82 болып тіркелген 2009 жылдың 24 маусымындағы «Құлан таңы» аудандық газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулысының атауында «бекіту» деген сөз «айқындау» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен айқындалған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібінде 2, 3, 4 және 6 тармақтары алынып тасталсын;
5 тармағында «өтініш» деген сөз «ұсыныс» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Райжан Іңқәрбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Нұралиев