«Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайларын ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 маусымдағы № 8-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 маусымдағы N 23-11 Шешімі. Жамбыл облысы Сарысу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 шілдеде 77 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 08 маусымдағы № 51-11 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2011.06.08 № 51-11 Шешімімен

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жайларын ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 маусымдағы № 8-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 2008 жылдың 25 маусымында № 6-9-61 болып тіркелген, 2008 жылдың 2 шілдесіндегі № 52 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған); «Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жайларын ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 маусымдағы № 8-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 12-4 шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 2008 жылдың 25 маусымында № 6-9-66 болып тіркелген, 2008 жылдың 8 қазанындағы № 80 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған); «Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жайларын ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 маусымдағы № 8-3 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-5 шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 2008 жылдың 29 желтоқсанында № 6-9-69 болып тіркелген, 2009 жылдың 10 қаңтарындағы № 3-4 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жайларын ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Тәртібінің:
      2 тармағындағы «15 (он бес)» деген сан және сөз «30 (отыз)» деген санмен және сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                  Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы               хатшысы
      Ф. Маман                           М. Есмаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады