Ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы беру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 маусымдағы N 23-12 Шешімі. Жамбыл облысы Сарысу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 шілдеде 78 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 мамырдағы № 50-7 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2011.05.23 50-7 Шешімімен            

      «Агроөнеркәсіптік кешенде және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабына және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына жетпіс есептік айлық есептік көрсеткіш сомасында көтерме жәрдемақы берілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сесиясының төрайымы                        хатшысы
      Ф. Маман                                   М. Есмаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады