2010 жылы нысаналы топтардағы азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 283 Қаулысы. Жамбыл облысы Сарысу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 ақпанда 88 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-4) тармақшасына және 18-1-бабына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздерін көздейтін шарттарды жасассын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Боранбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Мәдікенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады