"2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 57 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 182 Қаулысы. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 22 мамырда N 79 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне» сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-74 болып тіркелген, 2009 жылдың 14 наурызында № 25 «Талас тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Аталған қаулының:
      1-қосымшасы мынадай мазмұндағы реттік нөмері 21 жолымен толықтырылсын:
      «21. «Талас ауданы әкімиятының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі»;
      2-қосымшадағы:
      «65» деген сандар «146» деген сандармен ауыстырылсын;
      «5» деген сандар «8» деген сандармен ауыстырылсын;
      «3» деген сандар «19» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Г. Тұрсынбековаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан Әкімі                   О. Жиенқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады