2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 57 Қаулысы. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 06 наурызда 74 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001
жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес және "Халықты жұмыспен
қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген
"Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландырудын ережесі"
негізінде аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін аудан аумағындағы
ұйымдардың тізбесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен
нақты жағдайлары бекітілсін және қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен
ұсыныс 2 қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      3. "Талас ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды
қамтамасыз етсін.
      4. Қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыздардың еңбек ақысы
жергілікті бюджет есебінен, "2009-2011 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес анықталған 13717 теңге еңбек ақы
көлемінде жүргізілсін.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Талас аудандық әкімдігінің 2009.07.13 № 295 (Қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен
бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары
Г. Тұрсынбековаға жүктелсін.

      Аудан Әкімі                              О. Жиенқұлов

"КЕЛІСІЛДІ"

"Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің
Талас аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б. Бүркітбаев
27 қаңтар 2009 ж.

Талас ауданы әкімиятының
2009 жылғы 27 қаңтардағы
№ 57 қаулысына 1 қосымша

2009 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі

      1. "Қаратау қаласы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
      2. "Талас ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      3. "Талас ауданы әкімиятының дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
      4. "Талас ауданы әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      5. "Талас ауданы әкімиятының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесі
      6. "Талас ауданы әкімиятының мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің "Авангард" кинотеатры" көпсалалы мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
      7. "Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Талас аудандық
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      8. "Ақкөл ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі
      9. "Аққұм ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі
      10. "Берікқара ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі
      11. "Бостандық ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі
      12. "Көктал ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі
      13. "Қызыләуіт ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі
      14. "Кеңес ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі
      15. "Қасқабұлақ ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі
      16. "Қаратау ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі
      17. "Ойық ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі
      18. "Тамды ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі
      19. "Үшарал ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі
      20. "С. Шәкіров ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесі
      21. "Талас ауданы әкімиятының білім бөлімі» мемлекеттік
мекемесі

      Ескерту. 1-Қосымша 21 жолымен толықтырылды - Талас аудандық әкімдігінің 2009.04.28 № 182 (Қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Талас ауданы әкімиятының
2009 жылғы 27 қаңтардағы
№ 57 қаулысына № 2 қосымша

      Ескерту. 2-Қосымшаға өзгерту енгізілді - Талас аудандық әкімдігінің 2009.04.28 № 182 (Қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз); 2009.11.24 № 525 (Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары,
сұраныс пен ұсыныс

Қоғамдық
жұмыс түрлері

Атқарылатын жұмыс көлемі мен
нақты жағдайлары

Сұраныс

Ұсыныс

1

Көркем
безендіру,
көгалдандыру
және қайта
жаңғырту
жұмыстары

Толық емес жұмыс күні
жағдайында және икемді график
бойынша, жұмыс мерзімі  6 ай.
Қала, ауыл округтері бойынша
көркем безендіру – 85 километр.
Қайта жаңғырту жұмыстарын –
8192 шаршы метр, қоқыстан
тазарту – 1600 тонна, гүл және
тал ағаштарын отырғызу – 80000
түп.

92

92

2

Халыққа
әлеуметтік
көмек көрсету

Толық емес жұмыс күні
жағдайында және икемді график
бойынша, жұмыс мерзімі 6 ай.
Аудан бойынша әлеуметтік көмек
түрлерін алушылардың құжаттарын
ресімдеуге көмектесу – 11200
құжат.

8

8

3

Нысандарды
күзету

Толық емес жұмыс күні
жағдайында және икемді график
бойынша, жұмыс мерзімі 6 ай.
Нысандарды күзету – 54 ғимарат.

19

19

4

Төлем
есептерінің
реестрін
жүргізу

Толық емес жұмыс күні
жағдайында және икемді график
бойынша, жұмыс мерзімі 6 ай.
Мемлекеттік деректер базасын
толық қамту үшін мәліметтер
енгізу, реттеу – 6900 құжат.

2

2

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады