Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 26.02.2019 № 59 қаулысымен. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001
жылдың 23 қаңтардағы Заңының 7, 18-1 баптарына және нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Талас аудандық әкімдігінің 2010.02.08 № 28-4 (2010 жылғы 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Ғ. Қартабаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан Әкімі | О. Жиенқұлов |
Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 216 қаулысына қосымша |
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындайды.
1. Жалпы бөлім
1. Аталған тәртіптегі пайдаланатын негізгі ұғымдар:
1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
2) нысаналы топтар-жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңымен белгіленген адамдар тобы;
3) Уәкілетті орган - "Талас ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу арнаулы құралған комиссиямен жүргізіледі.
3. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органның және басқа да мекеме ұйымдардың өкілдері кіреді.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссиясының шешімі ауданның атқарушы органымен бекітіледі.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілер төмендегі талаптарға сай болуы керек:
1) жұмыс берушілердің салық және бюджетке басқа төлемдер бойынша қарыздары жоқ және төлемдік қабілеттілігі;
2) нысаналы топтар үшін әдейі арналған уақытша жұмыс орындарының немесе оларды құруға мүмкіндігінің бар болуы;
3) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындарды пайдаланбау.
6. Комиссияның шешімі негізінде уәкілетті орган жұмыс берушілермен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсетуге шарттар жасайды.
7. Жасалған шарттың негізінде жұмыс беруші нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарды құрады.