Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 14-29 шешімі. Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 мамырда 72 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 43-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 20.08.2015 № 43-9 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қызметін Шу ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Шу ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша тіркелген жиынтық салық ставкаларын және акциз ставкасын белгілеу туралы" Шу аудандық мәслихатының 2006 жылғы 16 ақпандағы № 20-4 (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-11-28 тіркелген, 2006 жылдың 1 сәуір № 27 "Шу өңірі" газетінде жарияланған, "Шу ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша тіркелген жиынтық салық ставкаларын және акциз ставкасын белгілеу туралы" 2006 жылғы 16 ақпандағы № 20-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шу аудандық мәслихатының 2007 жылғы 15 тамыздағы № 35-2 шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-11-53 тіркелген, 2007 жылдың 29 қыркүйекте № 85 "Шу өңірі" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
      Е. Жиенбеков Б. Саудабаев

  Шу аудандық мәслихатының
2009 жылғы 28 сәуірдегі
№ 14-29 шешіміне қосымша

Қызметін Шу ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары

Рет №
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың базалық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.
Бильярд үстелі

3

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады