Шу ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 43-9 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте № 2774 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 29-5 шешімімен.

      Ескерту. Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 21.06.2018 № 29-5 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шу ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Шу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 14-29 "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (Шу ауданының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 72 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 мамырдағы № 44 "Шу өңірі" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, табиғатты пайдалану, өнеркәсіп салаларын, құрылысты, көлікті, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті өркендету, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы,
      мәслихат хатшысы Б. Саудабаев

  Шу аудандық мәслихатының
2015 жылғы 20 тамыздағы
№ 43-9 шешіміне қосымша

Шу ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай базалық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады