Шу ауданы Тасөткел селолық округіндегі ұсақ малдарына бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 01 желтоқсандағы N 356 Қаулысы. Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 06 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 83 болып енгізілді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 мамырдағы № 174 қаулысымен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 мамырдағы № 174 қаулысымен

      «Ветеринария» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабындағы 2 тармағының 9) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабындағы 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы» Шу аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 859 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шу ауданының Тасөткел селолық округіне қарасты елді-мекендерде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы» Шу аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөнiндегi ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 бұйрығынан (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 3252 болып тіркелген) шығатын тиісті шараларды қабылдау ұсынылсын.
      3. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Шу аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Тасөткел селолық округінің әкімі және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы» Шу аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы малдарының қозғалысын қадағалауды күшейту ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Тұрғынбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шу ауданының әкімі                         Б. Қарашолақов

"КЕЛІСІЛДІ"

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі «Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекциясы» Шу аудандық
аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Т. Тилепбергенов
2009 ж.

«Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті
Шу аудандық Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ш. Жапабаев
2009 ж.   


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады