Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының Тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2009 жылғы 06 маусымдағы N 16/05 қаулысы. Қарағанды облысы Әділет департаментінде 2009 жылғы 15 шілдеде N 1869 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 49/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 07.07.2016 № 49/05 (алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң күшіне енеді) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18, 238 бабтарына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға тарифтік мөлшерлеме және лауазымдық жалақысын көтеруге құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуіріндегі "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының Тізбесін бекіту туралы" N 08/03 қаулысының күші жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      5. Осы қаулы Қарағанды облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

Қарағанды облысы әкімінің
 
міндетін атқарушы
Р. Оразғұлов
КЕЛЕСІЛДІ
 
Қарағанды облыстық
 
мәслихатының хатшысы
 
Б. Жұмабеков
 

      
      19 маусым 2009 ж.

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2009 жылғы 06 маусымдағы
N 16/05 қаулысына
қосымша

Жиырма бес пайызға тарифтік мөлшерлеме және лауазымдық жалақысын көтеруге құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының
тізбесі

      1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
      1) қазынашылық кәсіпорнының және мемлекеттік мекемесінің басшысы мен орынбасарлары;
      2) бөлімшелердің (сектордың, бөлімшенің (бөлімнің) бөлімшенің) басшысы және басшының орынбасары, қойма, шаруашылық меңгерушісі;
      3) (бас, аға) мамандар, оның ішінде: барлық мамандық дәрігерлері; біліктілігі орта деңгейдегі мамандар (медбикелер, фельдшерлер және акушерлер), психолог, бухгалтер, диеталық медбике, тіс технигі, зертханашы, медициналық есепші, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, рентген зертханашысы, мамандандырылған медбике, фармацевт, фельдшер, (зертханашы), экономист, кадр бөлімнің инспекторы, оқытушы, заңгер-кеңесші, инженер, программист, оператор, медициналық тіркеуші, дезинфектор, іс жүргізуші, кассир, механик, диспетчер, электронды есептеу машинасының операторы, хатшы-машинист, барлық атаулардың техниктері.
      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мәдениет қазынашылық кәсіпорнының және мемлекеттік мекемесінің басшысы мен орынбасары, бөлімшелер басшылары, оның ішінде: бөлім, филиал, сектор, меңгерушісі шеберхана және шаруашылық жөніндегі меңгерушісі;
      2) (бас, аға, кіші) мамандар, оның ішінде: қор сақтаушы, экскурсия жүргізуші, өнертанушы, ғылыми қызметкер, мұрағатшы, әдіскер, суретші, кітапханашы, заң кеңесшісі, барлық мамандық инженерлері, барлық атаулардың техниктері, мұрағат қараушысы, аудармашы, билет бақылаушысы, кассир, бағдарламашы, бухгалтер, экономист, хатшы, кадр бөлімнің инспекторы.
      3. Мұрағат мекемелері мамандарының лауазымдары:
      1) қазынашылық кәсіпорнының және мемлекеттік мекемесінің басшысы мен орынбасары, мұрағат сақтау орнының меңгерушісі, шаруашылық меңгерушісі, бөлім басшысы;
      2) (бас, аға) мамандар, оның ішінде: мұрағатшы, археограф, қор сақтаушы, бухгалтер, іс жүргізуші, әдіскер, аудармашы, кеңесші заңгер.
      4. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) қазынашылық кәсіпорнының және мемлекеттік мекемесінің басшысы мен орынбасары, бөлімшелер басшысы, оның ішінде: шаруашылық жөніндегі меңгеруші және қойма меңгеруші;
      2) (бас, аға) мамандар, оның ішінде: мұрағатшы, әдіскер, дәрігер, жаттықтырушы, медбике, бухгалтер, аудармашы, бағдарламашы, хатшы, кадр бөлімнің инспекторы, іс жүргізуші, барлық атаулардың техниктері, нұсқаушы-әдіскер, кеңесші заңгер.
      5. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) қазынашылық кәсіпорнының және мемлекеттік мекемесінің басшысы мен орынбасары, директор (меңгеруші), филиал, бөлім, бөлімше, орталық, лагер, кабинет, пункт, клуб, кітапхана, кәсіби практика, шеберхана, зертхана, жатақхана, интернат пен комбинаттың басшылары;
      2) (бас, аға) мамандар, оның ішінде: барлық мамандықтар дәрігерлер мен мұғалімдер, медбике, фельдшер, кітапханашы, мұрағатшы, тәрбиеші, тәлімгер, барлық мамандық инженері, барлық атаулар техниктері, жаттықтырушы, дене шынықтыру, еңбек, жүзу нұсқаушысы, әдіскер, мастер, оқытушы, аудармашы, концертмейстер, мәдени ұйымдастырушы, би үйретуші, аккомпаниатор, бухгалтер, іс жүргізуші, кадрлар бөлімінің инспекторы, комендант, экономист, зертханашы, әдіскер, механик, алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы, хатшы-машинист, оқу ісі жөніндегі хатшы, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беретін педагог, педагог-психолог, тәрбиешінің көмекшісі, спорт жөніндегі оқытушы-жаттықтырушы, өндірістік оқыту мастері, музыка жетекшісі, тәртіп жөніндегі кезекші, диеталық мейірбике.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады