Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Бірлескен Қарағанды облысы әкімдігінің 2009 жылғы 08 желтоқсандағы N 32/03 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының XХI сессиясының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы N 265 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 13 қаңтарда N 1876 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі мен мәслихаты ұсынған бірлескен қаулы мен шешімді қарастырып, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облысының Нұра ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Нұра ауданының Құланөтпес селосының құрамына қоса отырып Оразалы селосы таратылсын;
      2) елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Нұра ауданының Көбетей селосының құрамына қоса отырып Қызыл Жұлдыз селосы таратылсын;
      3) елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Нұра ауданының Баршын селосының құрамына қоса отырып Ескі Баршын селосы таратылсын;
      4) елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Тассуат селолық округінің Щербаков селосының құрамына қоса отырып Амантау селолық округі және Амантау селосы таратылсын;
      5) елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Баршын селолық округінің Баршын селосының әкімшілік бағынысына қоса отырып Аршалы селолық округі және Қарақасқа селосы таратылсын.
      2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Б.К. Исабаевқа және облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және тұрғындарды әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Әдекенов).
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                C. Ахметов

      Сессия төрағасы                            А. Нұралин

      Мәслихат хатшысы                           Б. Жұмабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады