Ескерту. Қабылданған мерзімі біткеніне байланысты күші жойылды (Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарының 2011.04.28 № 3-4/1329 хатымен).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4 бабы, 5 тармақшасына және 18-1 бабына, "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысына сәйкес және нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қарағанды қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі) (Мәрия Қалиақпарқызы Құсаиынова) заңда белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
2. Қарағанды қаласы аудандарының әкімдері Жұмыспен қамту бөліміне әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға жәрдем жасасын.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша шараларды қаржыландыру 2009 жылғы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттегі 027 "Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейтуге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетінің ағымдағы мақсатты түрдегі трансферті" бағдарламасы бойынша және 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 102 "Жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары" шағын бағдарламасы бойынша көзделген Қарағанды қаласының бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылсын.
4. Нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтардың еңбекақысы жұмыс берушінің 50 пайыздық үлесін есепке ала отырып, айына 30 000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жанат Маратұлы Ысқақовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді және 2009 жылғы 1 маусымнан пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қарағанды қаласы әкімінің
міндетін атқарушы В. Иванов