Жезқазған қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 08/05 қаулысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әділет басқармасында 2009 жылғы 15 сәуірде N 8-2-80 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 1 маусымдағы N 15/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 01.06.2016 N 15/05 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi N 39 Заңына сәйкес Жезқазған қаласының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жезқазған қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындары квотасы белгiленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкiмiнiң орынбасары Станислав Валентинович Филиповичке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Қала әкiмi
Қ. Балмағамбетов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады